Әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі Уәкілі семинар өткізді

Әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі Уәкілі семинар өткізді

 

 

Ағымдағы жылдың 2 сәуір күні әдеп жөніндегі уәкіл, қала әкімі аппаратының басшысы А. Рахимбаева жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен семинар өткізді.

Семинардың күн тәртібінде «Приозерск қаласының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде бақылау және қадағалау субьектісіне барумен профилактикалық бақылаудың нәтижесі, ЖАО мемлекеттік қызметшілері арасында әкішілік  құқық бұзушылықтардың 1 тоқсан бойынша қорытындысы туралы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 Үлгілік базалық бағытының жобаларын орындау бойынша сұрақтар қарастырылды. Күн тәртібінде қарастырылған сұрақтар бойынша бөлім басшыларына тапсырмалар берілді.

Әдеп жөніндегі уәкіл, қала әкімі аппаратының басшысы А. Рахимбаева жұмыс уақытының сақталуын, мемлекеттік қызметшілермен қызметтік этика нормаларын сақтауын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі сыртқы келбетері және құмар ойындарын ойнамау туралы айтып өтті.

Әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі Уәкілі семинар өткізді
Дата публикации
02 апреля 2024