Приозерск қаласы әкімі аппаратының әскери есепке алу бөлімшесінің азаматтарға әскерге шақыру жасын беру бойынша атқарған жұмысы туралы ЕСЕП
2024 жылғы қарашада «Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығының негізінде «Шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары Приозерск қаласы әкімі аппаратының әскери есепке алу бөлімшесі әскерге шақыру жасындағы азаматтарға әскерге шақыруды кейінге қалдыру бойынша 4 (төрт) бірлік мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынды.
Оның ішінде көрсетілгендер:
1- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтерге;
3-оқу кезеңінде білім алып жатқан азаматтарға.