ПРЕСС-РЕЛИЗ
Приозерск қалалық мәслихаты шешімінің жобасына
"Приозерск қаласы үшін коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 365-бабына және "коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы №154-п бұйрығына сәйкес "Приозерск қаласы үшін коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламалар" жобасы әзірленді (бұдан әрі-Бағдарлама) әзірлеуші "ЭКОЭКСПЕРТ" ЖШС мердігерлік ұйымы.
Аталған жоба қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі қызметтер кешенінің тиімділігін, сенімділігін, экологиялық және әлеуметтік қолайлылығын арттыруды қамтамасыз етуге, ҚТҚ қайта өңдеу үлесін ұлғайтуға, сондай-ақ қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарламаның орындалу мерзімі-5 жыл.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды және ҚТҚ жинау және әкету жөніндегі ұйымдарға уақтылы және сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.