Әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі Уәкілі семинар өткізді
Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында әдеп жөніндегі уәкіл, қала әкімі аппаратының басшысы А. Рахимбаева жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен семинар өткізді. Семинардың күн тәртібінде 2023 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмыстар туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша атқарған іс-шаралар туралы және Мемлекеттік мекемелерден көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылуы және 2024 жылға ішкі бақылау жүргізу жоспары туралы сұрақтар қарастырылды. Күн тәртібінде қарастырылған сұрақтар бойынша бөлім басшыларына бір қатар тапсырмалар берілді. Жаңа жыл қарсаңында демалыс және мереке күндері заңнама талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Әдеп нормаларын қатаң сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуді тағыда ескертті.