Сыбайлас жемқорлыққа күрес

 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерде кеңінен тамырын жаюда. Сыбайлас жемқорлық-экономикалық, даму үдерісін, нарықтық экономикалық құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.  Жемқорлықты жою – еліміздің фундаментальды құндылығы, тәуелсіздігімізді  нығайтатын негізгі шарттардың бірі. Азаматтық қоғамның барлық секторларымен, барлық мемлекеттік органдарымен, бизнес өкілдерімен ынтымақтастықта ғана осы мәсеклені шешіп; Қазақстанның гүлденуіне жағдай жасай аламыз. Елімізде жемқорлықпен күреске нақты қадамдар қолға алынуда.Атап айтқанда ағымдағы жылдың 10 айда 1500-ге жуық жемқорлық қылмыс тіркеліп, 1100-ден астам адам әшкереленген, оның 158-і әртүрлі деңгейдегі басшылар. Осы орайда қоғамымыздың дамуы үшін аталған мәселемен күресте барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының үлес қосуы тиіс. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерлерде белгіленген:

   Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша– 30 АЕК немесе 103 500 теңге;

   Онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК немесе 138 000 теңге;

   Ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК немесе 172 500 теңге;

   Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК немесе 241 500 теңге;

   Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша –

 100 АЕК немесе 345 000 теңге.

 Қорытындылай келе, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ, қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ұшықпауы үшін, оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады деп айтқым келеді. Және әрбір Қазақстандық, әр отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның әр азаматтың ісі екендігін түсінуі керек. Сондықтан да әр баланы жастайынан, Отанға деген сүйіспеншілікке, салт-дәстүрді құрметтеуге, білім мен еңбекке  ұмтылуға, адалдыққа тәрбиелеу керек. Нақ  осы  тәрбие мен  білім  беру,  адамның  сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастыруына негіз болады деп сенемін.

 

Қала әкімі                                                                                               М. Ахметов

Дата публикации
17 ноября 2023