Приозерск қаласының полиция бөлімі ағымдағы жылдың 15-30 маусым аралығында Приозерск қаласында "жазадан құтылмау" қағидатын орындау мақсатында "Борышкер"жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілетінін халыққа хабарлайды. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері прокуратурамен және жеке сот орындаушыларының палатасымен бірлесіп, тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша борышкерлерді іздеп бару арқылы әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізеді.
Ең бастысы, әр адам ең тиімді жол, заңды бұзбау екенін есте ұстауы керек.
Ал егер кез-келген азамат заң талаптарын бұзса, онда 7 тәулік ішінде 50% төлеу керек. Бұл айыппұл сомасының жартысын төлеуге өте жақсы мүмкіндік (ҚР ӘҚБК 810-бабы). Мобильдік қосымшаларда немесе екінші деңгейдегі банктердің кассаларында төлеуге болады. Егер қандай да бір себептермен құқық бұзушы айыппұлды 7 күн ішінде төлей алмаса, онда оған 30 күн ішінде өз еркімен төлеуге мүмкіндік беріледі, бірақ айыппұлдың толық сомасы төленуі қажет. (ҚР ӘҚБК 893 бабы).
Егер борышкерлер әкімшілік айыппұл төлемесе, онда оларға келесідей мәжбүрлі түрде төлету жолдары қарастырылады:
Айыппұл туралы материал жұмыс орнына жіберіледі, ал бұл жалақыдан айыппұл сомасын мәжбүрлеп алу немесе өзге де қолайсыздық (ҚР ӘҚБК 894-бабы).
Мәжбүрлеп өндіріп алу үшін материалды ЖСО өңірлік палатасына жіберу (ҚР ӘҚБК 896-Б.). ЖСО шығындары үшін борышкер айыппұл сомасының 25% - на дейінгі мөлшерде қосымша соманы төлейтін болады.
Өз айыппұлдарыңызды электрондық үкімет порталында онлайн режимінде тексеруге және төлеуге болады "Egov.kz", сондай-ақ мобильді қосымшалар арқылы "Qamgor.gov.kz" және т. б.