Приозерск қаласының қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен
жергілікті атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
ішкі талдауды жария талқылаудың
ХАТТАМАСЫ
№____
Приозерск қаласы 05.05.2023 жыл
әкім аппараты, 1 қабат сағат: 12:00
акт залы
Төрағалық еткен: Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы –
А.Т. Рахимбаева
Хатшы: Приозерск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы – Д.К. Абдикаримов.
Қатысқандар: аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, квазимемлекеттік сектор басшылары.
Барлығы: 20 адам қатысты.
Күн тәртібінде:
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізудің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат»
(Д.К. Абдикаримов)
Аудан әкімі аппаратының басшысы жиналысты аша отырып, қатысушыларды таныстырып, күн тәртібіндегі мәселенің маңыздылығына тоқталып өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері анықтаған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды.
Мәселен, ҚР Жер кодексінің 14-1 бабының 3 тармағына сәйкес аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының аудан шекарасы, қала шекарасы (шегі) шегіндегі және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтағы құзыретіне жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жатады.
Шартты жасау жасырын мемлекеттік қызмет болып табылады, өйткені бұл қызметті көрсету тәртібі заңнамада белгіленген тәртіппен регламенттелмеген.
Өз кезегінде, Регламенттің болмауы «бір терезе» қағидатын жоққа шығарады және лауазымды адамдар мен өтініш берушілердің тікелей байланысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етеді.
Сыбайлас жемқорлық факторлары
Құқықтық алшақтық, лауазымды адамдар мен өтініш берушілердің тікелей байланысы.
Оны жою бойынша ұсыныстар
«Жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының жобасын дайындау. Сәйкесінше ұсыныспен облыстық басқармаға шығу.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат назарға алынды.
Ұсыныс:
Мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына мерзімдерді бұзбай, кестеге сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың барлық кезеңдерін жүргізу ұсынылды.
Приозерск қаласы әкімі
аппаратының басшысы А.Т. Рахимбаева
Приозерск қаласы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық жұмыс
бөлімінің басшысы Д.К. Абдикаримов