Приозерск қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі Уәкілі семинар өткізді.

Ағымдағы жылдың 18 сәуір күні Әдеп жөніндегі уәкіл - қала әкімінің орынбасары С. Бейскеевтің төрағалығымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілердің арасында семинар өткізілді. Семинар барысында есептер тыңдалып, келесі мәселелер қаралды: мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2023 жылдың 1 тоқсандық есебі, ақпараттық технологияларды дамыту бойынша өзгерістер, «Adal komek» аясында тікелей эфирлер өткізу бойынша жауапкершілік және жергілікті атқрушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында әкімшілік құқық бұзушылықтардың 1 тоқсан бойынша қорытындысы. Күн тәртібінде қарастырылған сұрақтар бойынша бөлім басшыларына тапсырмалар берілді.

Семинар қорытындысы бойынша бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

 

Дата публикации
18 апреля 2023