Приозерск қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі Уәкілімен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекттік қызметкерлерімен әкім аппартының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл А. Исатаев ағымдағы жылдың ақпан айында семинар өткізді. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды: мемлекеттік мекемеге кіруді бақылау және басқару жүйелері, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі» туралы заңына енгізілген өзгертулермен толықтырулар туралы. 

Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі» туралы заңына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Және де мекемеге кіруді бақылау және басқару жүйелері бойынша мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.

Дата публикации
29 марта 2023