Қалалық сайлау комиссиясының отырысы
2023 жылдың 18 ақпанында қалалық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен кезекті отырыс өтті. Отырыс барысында келесі мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Алма Амановна Медетбекова Конституциялық заңдағы өзгерістерге тоқталып, қысқаша баяндама оқыды. Қалалық сайлау комиссиясының хатшысы Шұғыла Талғатбекқызы Жұмахан осы сайлау науқанындағы УСК толтыратын хаттамалары туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. УСК мүшелеріне «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңды, кеңсе тауарларын, әр учаскенің мөрлері таратылды. Отырыс барысында комиссия мүшелеріне өз міндеттері мен құқықтары, жауапкершіліктері туралы айтылды.