2023 жылдың 9 ақпанында қалалық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен кезекті отырыс өтті.

 

Приозерск қалалық сайлау комиссиясының отырысы

 

2023 жылдың  9 ақпанында қалалық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен кезекті  отырыс өтті. Отырыста келесі сұрақтарды таныстыру мәселелері қарастырылды:

  1. ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және маслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы" Жарлығы;
  2. "Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы "ҚР ОСК төрағасының қаулысы.
  3. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары;

Отырыс барысында Алма Амановна Медетбекова алдағы сайлау науқанының бірқатар ерекшеліктері бар екенін атап өтті. Конституциялық заңдағы өзгерістерге сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде бірыңғай аумақтық сайлау окрутері мен 11 учаскелік сайлау комиссиялары құрылғандығы туралы хабарлама жасалды. Барлық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне өз міндеттері, жауапкершіліктері, сайлау науқаны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2022жылдың 20 қарашасында өткен кезектен тыс ҚР Президент сайлауын  өткізу кезінде жоғары кәсіби және ұйымдастырушылық  көрсеткен сайлау комиссия мүшелері Орталық сайлау комиссия Төрағасының алғыс хатымен марапатталды. Отырысқа 51 адам қатысты.

 

 Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
09 февраля 2023