Приозерск қалалық сайлау комиссиясының отырысы
2023 жылдың 23 қаңтарында қалалық және округтік сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен Приозерск қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста келесі сұрақтарды таныстыру мәселелері қарастырылды:
Отырыс барысында Алма Амановна Медетбекова алдағы сайлау науқанының бірқатар ерекшеліктері бар екенін атап өтті. Конституциялық заңдағы өзгерістерге сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде бірыңғай аумақтық сайлау окрутері құрылды. Барлық округ мүшелеріне өз міндеттері, жауапкершіліктері, сайлау науқаны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Отырысқа 53 адам қатысты.
Приозерск қалалық сайлау комиссиясы