2023 жылғы 26 қаңтарда округтік сайлау комиссиялары төрағаларының қатысуымен Приозерск қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Приозерск қалалық сайлау комиссиясының отырысы

 

     2023 жылғы 26 қаңтарда  округтік сайлау комиссиялары  төрағаларының қатысуымен Приозерск қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста келесі мәселелер қаралды:

  1. Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және заңнамада көзделген құжаттарды тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну;
  2. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың және оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу ;
  3. Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыру;
  4. Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу және кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну;

Жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша  округтік сайлау комиссиясының төрағаларымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бірқатар сұрақтар талқыланды. Отырысқа 15 адам қатысты.

 

 Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
26 января 2023