"Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларының"16-тармағының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылған жобаларды бағалау үшін сараптамалық кеңестің құрылғаны туралы хабарлайды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау:
1) жобаның қойылған мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу тұрғысынан әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін анықтау;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілген қызметтерге қанағаттану дәрежесі және әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың нысаналы топқа әсер ету дәрежесі анықталған;
3) әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды жоспарлау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырудың кейінгі процесі үшін негіздеменің болуы;
4) бағаланатын әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар беру.
Сараптамалық кеңес Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жобаларды іске асыратын ұйымдармен мүдделер қақтығысы жоқ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатарынан қалыптастырылатын болады.
Сараптама кеңесінің мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.

Дата публикации
13 декабря 2022