Приозерск қаласы әкімінің 2022 жылдың 17 наурыздағы № 13 өкіміне сәйкес, 2022 жылға, Приозерск қаласының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді, ішкі талдау әр тоқсанда келесі бөлімдерді қамтыды:
- «Приозерск қаласының Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;
- «Приозерскқ қаласының құрылыс бөлімі» ММ;
- «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
Аталған ішкі талдау жүргізу нәтижесінде, бөлімдердің ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын мәселелер бойынша қызметінде, бөлімдердің қызметін реттейтін заңнамада, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша саласында, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және де заң бұзушылық анықталған жоқ.
Мекеме басшыларына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы жұмысты тұрақты негізде жүргізу бойынша сәйкесінше ұсынымдар берілді.