Электронды сауда өткізу жайында хабарлама
«Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ 2022 ж. 30.11. сағ. 11.00 (Астана уақытымен) www.gosreestr.kz сайтында коммуналдық меншік объектісін сату үшін аукцион өткізілетінін мәлімдейді.
Объектіні сату ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бағаны төмендету әдісімен сауда-сатыққа ұсынылады:
Транспортная көшесі, 2 мекенжайындағы Мүліктік кешен (жылжымайтын мүлік). Нысанның техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз деп бағаланады.
Сауда саттық № 262116;
Бастапқы бағасы: 28 166 892 теңге;
Ең төменгі баға: 1 теңге;
Кепілдік жарна: 1 408 345 теңге;
Өтінім қабылдау 30.11.2022 09:00 дейін;
Сауда саттықтың басталуы: 30.11.2022 11:00.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің www.gosreestr.kz веб-порталында тіркеу қажет.
Аукционда қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.
Нысан сатып алуды бөліп төлеу пайыздарды ҚР Ұлттық Банкінде қайта қаржыландырылатын ресми ставкаға сүйене отырып есептеп берілуі мүмкін.
Ескертпе: Жылжымайтын мүлікті алған жағдайда сатып алушы жер учаскесін ҚР Жер кодексіне сәйкес сатып алады немесе жалға алады.