Қарағанды облысының әкімімен кездесуде Приозерск қаласының халқы көтерген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

«БЕКІТЕМІН»
Қарағанды облысының әкімі
_______________ Ж. Қасымбек
«
__» тамыз 2022 жыл

 

 

Қарағанды облысының әкімімен кездесуде Приозерск қаласының халқы көтерген

ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

(11 тамыз 2022 ж., Приозерск қ.)

 

№

Айтылған

ескертулер / ұсыныстар

 

Шешу жолдары

Орында мерзімі

Жауапты орындаушы

(ЖАО құрылымдық бөлімдер)

Аяқтау формасы

1.     

Кенжебеков Бегазы Алшынбекович, Ағыбай Батыр көшесі, 6 үй, 1 пәтер

1) Сарышаған кентіне барар жолды жөндеу туралы

Бақылау-өткізу пунктінен Дружба Народов көшесіне дейін орташа жөндеу бойынша сметалық құжаттаманы дайындау мәселесін пысықтасын

2022 ж.

 

Приозерск қаласының әкімі

Сатаев С.К.

 

 

 

"Приозерск қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі" ММ жалпы сомасы 382,1 млн. теңгеге Абай, Бәйтерек, Б. Момышұлы, Алаш, Бастау, Көкжиек және бақылау өткізу пунктінен Дружба Народовқа дейінгі көшелердегі жолдарды жөндеуге ақаулы ведомость және сметалық құжаттама әзірленді. Бюджеттік өтінім Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тапсырылды.

 

2) Теміржол  вокзалының жағдайы туралы (автотұрақтың жоқтығы, перрон өте төмен, ескі дүңгіршектер туралы)

Ғимараттың жағдайын жақсарту мәселесі жөнінде "Қазақстан Темір Жолы" АҚ-на хат жолдансын

15.09.2022 ж.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы             Оспанов С.Т.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы "Қазақстан Темір Жолы "ҰК" АҚ-ға хат жолдады.

"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі" филиалы жолаушыларды поездардан қауіпсіз отырғызу және түсіру жағдайларын жақсарту бойынша одан әрі шаралар қабылдау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі мен түрін анықтау бойынша тиісті жұмыс жүргізді.

Филиал жөндеуге қаражат бөлу үшін "Қазақстан Темір Жолы "ҰК" АҚ орталық аппаратына тиісті құжаттарды жолдады.

Осы мәселені қарастырған соң "Қазақстан Темір Жолы "ҰК" АҚ және қаражат бөлінгеннен кейін вокзал перронына жөндеу жүргізіледі.

2.     

Қарабеков Нұрғали Қыдырмұратұлы,Б. Момышұлы көшесі,  3 үй, 9 пәтер

Қалада туризмді дамытуға қолдау көрсету туралы

Приозерск қаласында туризмді дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған картасына енгізу үшін инфрақұрылым жүргізуді көздеп, мастер-жоспар әзірлеуге жәрдем көрсетсін

01.11.2022 ж.

 

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы

Алимжанов Н.Т.

 

Приозерск қаласының әкімі

Сатаев С.К.

2023 жылы Приозерск қаласының туризмін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған шеберлік жоспарын әзірлеуге қаражат қарастыру жоспарлануда, онда инфрақұрылымды жүргізу және бос жер учаскелерін игеру көзделетін болады. Мастер жоспар әзірленген соң 2023-2027 жылдарға арналған туризмді дамыту картасына енгізілетін болады

3.     

Юнусова Мухаббат Жолдасбаевна, Ағыбай батыр к-сі, 3 үй,1 п.

Б. Момышұлы, Абай, Космонавттар, Байтерек, Алаш және Көкжиек көшелеріндегі жолдарды орта  жөндеу қажеттілігі туралы

Жолдарды орташа жөндеу бойынша сметалық құжаттаманы дайындасын

қазан

2022 ж.

Приозерск қаласының әкімі

Сатаев С.К.

 

 Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы             Оспанов С.Т.

"Приозерск қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі" ММ жалпы сомасы 382,1 млн. теңгеге Абай, Бәйтерек, Б. Момышұлы, Алаш, Бастау, Көкжиек және бақылау өткізу пунктінен Дружба Народовқа дейінгі көшелердегі жолдарды жөндеуге ақаулы ведомость және сметалық құжаттама әзірленді. Бюджеттік өтінім Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тапсырылды.

4.     

Юнусова Мухаббат Жолдасбаевна, Ағыбай батыр к-сі, 3 үй, 1 п.

Қоржынтүбекте бөбекжай ашу қажеттілігі туралы

Қоржынтүбек аумағында балабақша ашу қажеттілігін зерттесін

01.11.2022 ж.

Приозерск қаласының әкімі

Сатаев С.К.

 

Білім басқармасының басшысы

Г.Ш. Қожахметова

Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы саны - 708. Қазіргі уақытта Приозерск қаласында 477 баланы қамтитын 3 балабақша мен 2 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымдарда 39 бос орын бар. Түбек аймағында негізінен зейнеткерлік жастағы адамдар тұрады. Білім бөлімі Мектепке дейінгі білім мен тәрбиеге мұқтаж балаларды анықтау үшін Түбек ауданының тұрғындарын аулалық аралау жүргізді. Мектеп жасына дейінгі балалар саны - 26. Жаңа балабақша салу қажеттілігі жоқ. Түбектің мектеп жасына дейінгі балалары қала шегіндегі мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін жолдама ала алады.

5.     

Тулкібаев Бахтияр Бекетович, Алаш к-сі, 19А үй

Қоржынтүбекті орталықтандырылған жылу жүйесін қосу және кәріз құбырларын жүргізу туралы

Қосымша қазанды орнатуға сметалық құжаттаманы дайындасын

01.11.2022 ж.

Приозерск қаласының әкімі

Сатаев С.К.

 

Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының м.а.

Накипбеков Н.Н.

Түбектің үйлерін орталық жылытуға қосу үшін қосымша жылу алмастырғыштар мен қазандықтарды орнату қажет. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған жұмыстарды есептеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алдын ала сома-287 000,0 мың теңге.

6.     

Стась Лариса Петровна, Тумар к., 7-1

Әскери бөлімдердің аумағындағы апатты ғимараттарды бұзу мәселесі туралы

Жеңіс бульвары бойынша ҚР ҚМ 44841 ә/б аумағында орналасқан бос құрылысты бұзу және тегістеу туралы шешім қабылдау үшін ҚР Қорғаныс министрі мен РФ Қорғаныс министрінің атына хат жобасын дайындасын

 

 

12.09.2022 ж.

Приозерск қаласының әкімі

Сатаев С.К.

 

Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының м.а.

НақыпбековН.Н.

Бүгінгі күні мердігер мен «Приозерск қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі" ММ арасында меморандумға қол қойылды. ҚР ҚМ №06708 әскери бөлімі казармасын бұзу жұмыстары жүргізілуде.

7.     

Жилкенова Гульмереке Амантаевна, Достық к-сі, 1А үй, 17 пәтер

Приозерск қаласын туризмді дамыту Картасына қосу туралы

Приозерск қаласында туризмді дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған картасына енгізу үшін инфрақұрылым жүргізуді көздеп, мастер-жоспар әзірлеуге жәрдем көрсетсін. Мамандандырылған ұйымдармен жұмыс жүргізсін.

01.11.2022 ж.

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы

Алимжанов Н.Т.

Приозерск қаласының әкімі

Сатаев С.К.

 

2023 жылы Приозерск қаласының туризмін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған шеберлік жоспарын әзірлеуге қаражат қарастыру жоспарлануда, онда инфрақұрылымды жүргізу және бос жер учаскелерін игеру көзделетін болады. Мастер жоспар әзірленген соң 2023-2027 жылдарға арналған туризмді дамыту картасына енгізілетін болады

8.     

Мосиенко Александр Владимирович, Достық к., 18/2 үй, 4а п.

Көпқабатты үйлердің қасбеті мен шатырын жөндеу туралы

Қасбет пен шатырды ағымдағы жөндеуге сметалық құжаттаманы жасау

01.11.2022ж.

Приозерск қаласының әкімі

Сатаев С.К.

 

Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының м.а.

Н.Н. Нақыпбеков К.

«Приозерск қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі" ММжалпы сомасы 165 000,0 мың теңгеге 3 тұрғын үйдің шатырын жөндеуге және 3 тұрғын үйдің қасбеттерін жөндеуге ақаулы ведомость және сметалық құжаттама әзірленді. Бюджеттік өтінім 01.11.2022 ж. дейін Қарағанды облысының экономика және ТҮКШ басқармаларына тапсырылады.

9.     

Досаева Амина Амангельдиевна,

Р. Қошқарбаев к., 9 үй, 37 пәтер

"Айналайын" балабақшасын күрделі жөндеу мәселесі бойынша

Қолданыстағы заңнама шеңберінде "Айналайын" балабақша ғимаратын күрделі жөндеуге қаржы бөлу мәселесін қарау

01.11.2022 ж.

Білім басқармасының басшысы

Г.Ш. Қожахметова

 

Қаржы басқармасының басшысы

Л.В.Башарина

 

Приозерск қаласының әкімі

Сатаев С.К.

"Айналайын" бөбекжай - бақшасының ғимаратына техникалық тексеру 2019 жылы жүргізілді.  2020 жылы ЖСҚ әзірленді, 29.06.2020 жылғы №01-0301/20 оң қорытынды алынды. Ғимаратқа техникалық тексеру жүргізілгеннен бері үш жыл өтті, осы уақыт ішінде жаңа жарықтар пайда болды. Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Айналайын " бөбекжай-бақшасы" КМҚК ғимаратының 2022 жылғы 12 қазандағы №33 "Sarapshy Engineering " ЖШС өткізген техникалық тексеру нәтижелері бойынша «Айналайын» балабақшасының ғимараты тозығы жеткен деп танылып, бөлшектеуге және бұзуға ұсынылды. Сыртқы және ішкі қабырғалардың жағдайы, тұтастай алғанда, апаттық деп бағаланады, ғимараттың жүк көтергіштігі төмендейді. Конструкцияларда деформациялар мен ақаулар байқалады, бұл олардың жүк көтергіштігінің жоғалуын көрсетеді. Құлау қаупі бар. Авариялық конструкцияларды пайдалануға тыйым салу, технологиялық процесті тоқтату және адамдарды қауіпті аймақтардан дереу алып тастау қажет. Құрылым бөлшектеуге жатады. "Айналайын" балабақшасына 122 бала (6 топ) барады, 37 қызметкер жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта ғимаратты босату, балаларды "Айналайын" балабақшасынан "Еркетай" шағын орталығына (4 Топ) және "Балбөбек" балабақшасына (2 топ) шығару жұмыстары жүргізілуде.

10.  

Жаналиева Динара Мусатаевна, Жеңіс бульвары, 34 үй, 59 пәтер

Приозерск қаласында жаңа үйлердің құрылысын жалғастыру мәселесі бойынша

 

 

 

Қолданыстағы заңнама шеңберінде Приозерск қаласында үйлер салуға қаржы қаражатын бөлу мәселесін қарау

01.11.2022 ж.

Приозерск қаласының әкімі

Сатаев С.К.

 

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

К.А.Камзин

Қаржы басқармасының басшысы

Л.В.Башарина

Достық көшесі, 10 үй  30 пәтерлі тұрғын үй салуға әзірленген жұмыс жобасы бар. 2023 жылға облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына 397,8 млн. теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді. Сондай – ақ жалпы сомасы 561,6 млн.теңгеге 52 пәтерді сатып алуға бюджеттік өтінім берілді.

11.  

Бижан Жазира Жуломанкызы, Б. Момышұлы к., 5 үй, 57 пәтер

Сарыарқа көшесінде әлеуметтік дүкен ашу туралы

Жарты түбекте әлеуметтік дүкен ашу бойынша қала кәсіпкерлерімен жұмыс жүргізу

12.09.2022 ж.

Приозерск қаласының әкімі

Сатаев С.К.

 

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы

Әлімжанов Н.Т.

 

Осы аумақта тұратын тұрғындарға талдау, сондай-ақ кәсіпкерлермен әлеуметтік дүкен ашу бойынша жұмыс жүргізілді. Түбек тұрғындарының аз қоныстануына, сондай-ақ азық-түлік сатудың маусымдылығына байланысты әлеуметтік дүкен ашу кәсіпкерлерге экономикалық тұрғыдан тиімді емес. Сондай-ақ, қаланың осы аумағындағы дүкендер жанынан әлеуметтік сөре ашу мәселесі пысықталуда.

12.  

Бижан Жазира Жуломанкызы, Б. Момышұлы к., 5 үй, 57 пәтер

Балабақшалардағы мәзір

Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу

2022 ж.

Білім басқармасының басшысы

Г.Ш. Қожахметова

 

Приозерск қаласының әкімі

Сатаев С.К.

 

Приозерск қаласында үш балабақша мен екі шағын орталық жұмыс істейді. Барлық ұйымдарда балаларды тамақтандыруды ұйымдастыруды түсіндіру бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді. "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін, көздерін, түрлерін және қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулыға сәйкес балабақшаларда тәрбиеленетін балалардың тамақтану нормалары ата-аналарына жеткізілді

 

 

Дата публикации
25 октября 2022