Приозерск қалалық сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілгендігі туралы

   

     2022 жылғы 23 қыркүйекте қалалық әкімдігінің мәжіліс залында Приозерск қаласы әкімі аппараттының басшысы А.Н. Исатаев, Приозерск қалалық сайлау комиссиясының төрағасы А. А. Медетбекова және сайлау комиссиясы мүшелерімен бірге комиссия құрамына өзгерістер енгізілгендігі бойынша отырыс өткізілді.

     Қалалық сайлау комиссия хатшысы Ш. Т. Жұмахан еңбекке уақытша жарамсыздық күндеріне кетуіне байланысты, қалалық сайлау комиссиясының мүшесі Б.Д. Курбанбаева уақытша комиссия хатшысы болып тағайындалды..

       № 257 сайлау комиссиясына Н.А.Стамкул комиссия төрағасы болып және Д.К.Абдикаримов комиссия мүшесі ретінде тағайындалды.

      №258 сайлау комиссиясына А.Қ.Рақышты комиссия төрағасы Д.Р.Абжанованы комиссия төрағасының орынбасары және С.М.Жаналиева мен А.М.Калибекова комиссия мүшелері болып тағайындалды.

      №259 сайлау комиссиясына М.А.Сулейменовты комиссия төрағасы және Ж.Р.Бокишева комиссия мүшесі болып тағайындалды.

 Аумақтық сайлау комиссиясының дайындаған слайдтары көрсетіліп, сұрақтарға жауап берілді.

Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
23 сентября 2022