2022 жылғы 26 қыркүйекте қалалық сайлау комиссиясының мүшелеріне оқыту сабағын өткізді. Приозерск қаласы акиматтының ғимаратындағы 2 қабат 21 кабинетте өткен іс-шараға қалалық сайлау комиссиясының 5 мүшесі шақырылды.
Оқыту іс-шарасында қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары сөз сөйледі. Қатысушыларға үлестірме материалдар ұсынылды. Семинар барысында қалалық және учаскелік сайлау комиссияларының функциялары, сайлаушы азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар, дербес деректердің сақталуы мен конфедеративтілігі туралы тақырыптар талқыланды.
Кездесу соңында төрағаның орынбасары Ж. Махатов барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары үшін бірінші кезектегі міндет сайлау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сайлаушылардың алдағы сайлау және сайлау науқандарының барысы туралы хабардар болуын арттыру, азаматтардың және сайлау процесіне қатысушылардың сайлау құқықтарын мүлтіксіз сақтау, сондай-ақ сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.
Приозерск қаласының сайлау комиссиясы