Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспарды орындау мақсатында Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері Алматы облысы бойынша экскурсия өткізді

Приозерск қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі Уәкілі А.Н. Исатаевтың бастамасымен, 2022 жылға арналған Қарағанды облысының Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша жоспары аясында, мемлекеттік мекеме қызметкерлері үшін еліміздің, өңірдің киелі жерлеріне, тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне, мұражайлар мен театрларға экскурсиялар мен баруды ұйымдастыру жұмысын іске асыру мақсатында, 2022 жылғы 27 тамыздан бастап 30 тамыз аралығында, Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері Алматы өңіріне экскурсия жасады.
Экскурсия барысында мемлекеттік қызметшілер «Шарын шатқалы», «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерін және Қайыңды көлін аралады.

 

Дата публикации
02 сентября 2022