2021 жылда мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша анықтама
2021 жылдың 12 айында Приозерск қаласының атқарушы органдары мен ведомстволық бағынысты мекемелері жеке және заңды тұлғаларға 4 022 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде,
- мемлекеттік мекемелер арқылы – 116 (2,9 %),
- мемлекеттік корпорация арқылы – 547 (13,6%),
- электронды түрде - 3359 (83,5%).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша ішкі бақылау шаралары
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша ішкі бақылау шарасы кестеге сәйкес 10 ішкі бақылау жүргізілді, нәтижесінде 83 заңбұзушылықтар анықталды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру іс-шаралары
Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттауға бағытталған 47 іс-шаралар өткізіліп, 3135 адамды қамтыды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 34 тікелей эфир өткізіліп, 2350 адамды қамтыды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысатын қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында 4 маман ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облыстық филиалында оқудан өтті.
1 маман Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімінде тәлімгерліктен (стажировка) өтті.
Қаланың мемлекеттік мекемелерінде азаматтарды қабылдауға жағдайлар жасалды, мемлекеттік қызметтерді Egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы алуға практикалық көмек көрсету үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылды, ақпараттық стендтер орналастырылды.
Қаланың орталық көшелерінде мемлекеттік мекемелердің жұмысын бағалау бойынша Digital AGENT қосымшасын дәріптеу бойынша баннерлер ілінді.