Облыс әкімінің Приозерск қаласында өткен жеке қабылдауының қорытындысы бойынша
тапсырмалардың орындалуы туралы ақпарат
(4 наурыз 2022ж)
|
№ |
Аты-жөні |
Өтініш берушінің сұрағы |
Тапсырма |
Орындалуы |
|
1 |
Есбаев Әділхас г.Приозерск Ағыбай батыр көш 2 -16
|
Қалалық ауруханаға медициналық кадрларды тарту мәселесі бойынша
|
Г.С. Тоқсамбаевқа, С.Қ.Сатаевқа
Приозерск қалалық ауруханасында кемінде 7 тиісті біліктіліктегі медицина қызметкерін жұмыспен қамтамасыз ету.
Е.А.Алпысовқа Бақылауға алу
|
Мамыр, тамыз 2022 ж «Приозерск қалалық орталық ауруханасы» КМК барлық медициналық жоғары оқу орындарына 7 жас мамандарға өтінім берді. Жыл басынан қалалық ауруханаға 5 дәрігер келген, оның ішінде ағымдағы жылдың мамыр айында 3 жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысқа қабылданды. 2022 жылдың тамыз айында 4 жалпы тәжірибелік дәрігер келеді, қазіргі уақытта стоматология, ортопедия мамандығы бойынша жас маман жастар тәжірибеден өтуде.
|
|
2 |
Абильдинова Алмагуль Сейтжапарқызы г.Приозерск, Абай көш, 4 – 1, 87765580779
|
«Гранит» қонақ үйін орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу және жеке сектордағы Абай және Бәйтерек көшелерін асфальттау мәселесі туралы
|
С.Қ. Сатаевқа С.К., А.А. Жайлыбаевқа, У.Т. Усеновқа
«Гранит» қонақ үйін орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қонақүйге кіреберіс жол төсеу мүмкіндігін қарастыру.
В.Б.Басинге Бақылауға алу
|
Тамыз айы 2022 ж. «Гранит» қонақүйі арқылы өтетін жылу жүйесінің диаметрі аз болғандықтан, жылу өткізгіштігі төмен. Қонақ үйді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу үшін жылу желісін диаметрі 159 мм-ден 219 мм-ге дейін ауыстыруға сметалық есептер әзірленді. Абай мен Бәйтерек көшелерін асфальттау үшін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік Өтінім берілді. Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Қарағанды облысының қаржы басқармасына және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жоғарыда аталған жөндеу жұмыстарын жүргізуге . облыстық бюджеттен қаржы қарастыру туралы, нақтыланған жағдайда хат жолданды.
|
|
3 |
Сәрсембеков Жұмахан Ақылгерейұлы г.Приозерск, Б. Момышұлы көш, 3 - 48, 87014138515
|
Б. Момышұлы көшесіндегі No 3 көпқабатты тұрғын үйдегі жарықшақ мәселесі бойынша
|
С.Қ.Сатаевқа Қосымша сараптама жүргізу, үйдің апаттылығы туралы қорытынды болған жағдайда, үйдің құрылымын нығайту бойынша шаралар қабылдау.(күрделі жөндеу)
В.Б.Басинге Бақылауға алу
|
2022 жылдың II жартыжылдығы Приозерск қаласының «ТҮКШ АЖ, ЖК және ТҮИ бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Б. Момышұлы көшесі, 3 үй мекенжайы бойынша тұрғын үйге техникалық сараптама жүргізілді. Сараптама қорытындысы «Astana Mix Building» жеке шектеулі серіктесітігнеберілді. Қазіргі уақытта үйдің жүк көтергіш құрылымдарын нығайта отырып, күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттама дайындалуда. Жұмыс барысында қосымша техникалық зерттеу жүргізу қажеттілігі туындауына байланысты жобалық-сметалық құжаттаманы толтыру мерзімі 01.10.2022 жылға дейін ұзартылды.
Мәселе орындалу барысында.
|
|
К4 |
Көбенов Нұржан Приозерск қ.
|
Шағын орта бизнесті несиелеуге қатысты
|
С.Қ.Сатаевқа,Т.Ю. Аблаеваға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында көмек көрсету (тиісті бағдарлама бойынша грант бөлу, несиені кейінге қалдыру, қосымша қаржыландыру және т.б.)
Е.А. Алпысовқа Бақылауға алу
|
01.05.2022 ж. дейін 2022 жылғы 4 наурызда өтініш берушінің, Приозерск қаласының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының директорының және «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қатысуымен мемлекеттік қолдау механизмін және «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» түсіндіру бойынша кездесу өткізілді. 2018 жылы кәсіпкер Көбенов Нұржан «Ынтымақ» бағдарламасы бойынша «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлық қоғамы арқылы көкөніс қоймасына құрал-жабдық алу үшін 44 млн теңге сомасында несие алды. Ағымдағы жылдың наурыз айында кәсіпкерге несие төлеудің қиындығына байланысты. Қарағанды облысындағы «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлық қоғамы арқылы ағымдағы жылдың соңына дейін кейінге қалдырылған төлемдер берілді. Өтініш берушіге Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында несиелерді субсидиялау/кепілдік беру және гранттық қаржыландыру құралдары бойынша мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
|
|
5 |
Қонқабаева Айғаным Сары-шаган кенті Шәкірбек көш, 1 үй 87013244292
|
Балық цехының ашылуына қатысты
|
С.Қ. Сатаевка, Т.Ю.Аблаеваға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында көмек көрсету (тиісті бағдарлама бойынша грант бөлу және т.б.)
Е.А.Алпысовқа Бақылауға алу
|
Сәуір 2022ж. «Мал шаруашылығы» жобасы бойынша кәсіпкер «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» 2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысып, 505 000 теңге грант ұтып алды.Бүгінгі таңда «Мал шаруашылығы» жобасы бойынша кәсіпкер іске қосты, мал басын көбейту мақсатында екі сиыр сатып алынды. Сондай-ақ кездесу барысында кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2 (екі) миллион теңгеден 5 (бес) миллион теңгеге дейінгі гранттар конкурсына ғана қатысуға ниет білдірді. Бұл байқауды ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында өткізу жоспарлануда. Конкурсқа қатысты барлық толық ақпарат кәсіпкердің электрондық поштасына қарау және конкурсқа дайындалу үшін жіберілді.
|
|
6 |
Жаңқазы Айсұлу |
Сәкен Аяжан Айболқызының емделуіне көмек беру туралы
|
Г.С. Токсамбаевқа , С.Қ.Сатаевқа Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында көмек көрсету, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен келіссөздер жүргізу.
Е.А.Алпысовқа Бақылауға алу |
Наурыз 2022 ж. 2022 жылдың 10 наурызында Приозерск қаласының әкімдігі Сәкен Аяжанға қаржылай көмек көрсету үшін «Қазақстан халқына» қорына өтініш жіберді. Қор өтінішті зерделеп, бұл көмек түрі мемлекеттік кепілдіктер аясында көрсетіледі деп есептеп, материалдық көмек көрсетуден бас тартты. Өмірлік қиын жағдайдың басталуына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген азаматтардың (отбасыларының) өтініштерін қарау жөніндегі арнайы комиссия отырысының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 34/238 хаттамасына сәйкес «Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының мөлшерін белгілеу және тізбесін айқындау туралы», отбасына 162 339 (53 АЕК) теңге көлемінде көмек көрсетілді. Қайырымдылық көмекті қаланың белсенді тұрғындары ұйымдастырып, жиналған қаражат көлемі 2 млн 500 мың теңгені құрады.
|