Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек!

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек!

 

Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде, Приозерск қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі А.Исатаевтың төрағалығымен және Қарағанды ​​облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Г.Қабдыкаримованың қатысуымен қаланың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында семинар өтті.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын және мемлекеттік қызметтегі өзге де заңнамалық нормаларды сақтауы туралы, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы сұрақтар қарастырылып, ұсыныстар берілді.

                Семинардан кейін, Г.Қабдыкаримова қала әкімі С. Сатаевпен атқарылып жатқан жұмыстарды талқылап, алдағы уақытта жүргізілетін жұмыс жоспарымен бөлісті.

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек!
Дата публикации
19 июля 2022