Сағат 7.00-ге референдум учаскелерін ашу туралы
Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2022 жылғы 5 маусымда Приозерск қаласы бойынша елорда уақытымен сағат 7.00-дегі жағдай бойынша 4 референдум учаскесі дауыс беруге кірісті.
Сайлаушылардың референдум учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де және сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 21.00-де ұсынылатын болады.
Приозерск қаласы бойынша референдум аумақтық комиссиясы