Приозерск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2021 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары туралы есебі

Приозерск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2021 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары туралы есебі

Абаттандыру

1) Аула

Аула аумақтарын абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталды (Абай көшесі, 15/1; Абай көшесі, 3; Ағыбай батыр көшесі, 2 және 4).

Аула аумақтарын абаттандыру бойынша жұмыстар шеңберінде келесі жұмыс түрлері орындалды:

1) асфальт төсеу - 3 512 м2;

2) жиектастарды орнату - 1 084 м2;

3) ойын алаңының элементтерін орнату - 17 дана;

4) күн панеліндегі көше жарығын орнату - 11 дана.

Мердігер ұйым - "KazNetService" ЖШС.

2) жағажай

2021 жылдың шілде айында "Достық орталығы" КМҚК ғимаратының маңындағы қалалық жағажайды абаттандыру жұмыстары аяқталды.

Осы жағажайды абаттандыру аясында келесі жұмыс түрлері атқарылды:

- көлеңкелі шатыр құрылғысы;

- қалқасы бар орындықтарды орнату;

- табиғи құмды төсеу;

- жиектастарды орнату;

- төсемтас құрылғысы;

- поребриктер орнату;

- профильдік темірден жасалған декоративтік қоршау құрылғысы;

- жарықдиодты шамдармен жарықтандыру тіректерін орнату;

- бейнебақылау камераларын орнату;

- ҚТҚ жинауға арналған контейнер алаңын жайластыру;

- биодәретханаларды орнату;

3) Ғарышкерлер сквері

Халықтық қатысу бюджеті аясында Ғарышкерлер сквері жайластырылды. Келесі жұмыс түрлері атқарылды:

- сәндік қоршауды орнату;

- төсемтас құрылғысы;

- суару құбырын орнату;

- орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату;

- күн батареясындағы торшерлер орнату;

- бұталарды отырғызу;

- зымыран макетін орнату.

 

Көгалдандыру

Ағымдағы жылдың көктемінде қалалық бюджет қаражаты есебінен 350 дана көшет сатып алынды.

Қосымша, "Алмаз LTD" ЖШС демеушілік қаражаты есебінен Дорохов көшесінде 100 дана көшет отырғызылды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың жазында жалпы ауданы 3 150 м2 көгалды шөп отырғызылды.

Күзгі отырғызу кезінде саны 1 600 дана ағаш көшеттері (тораңғы, күміс түстес пирамидальды терек, түбітсіз күміс түстес терек (ақ оқпанды), шегіршін (кең жапырақты қарағаш), түбітсіз пирамидальды терек, қарағай және боз арша) және 7 000 дана бұталар отырғызылды.

 

ДЕРАТИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ

2021 жылы көл жағалауын (10 га) дезинсекциялау және тұрғын үйлерді (78 мың шаршы метр) дератизациялау  жұмыстар толық көлемде орындалды.

50 га алқапта ағаштарды химиялық өңдеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жарықтандыру

Сарыарқа, Наурыз және Қоржынтүбек көшелерін жарықтандыру қалпына келтірілді. Осы жұмыс аясында 29 дана жарықдиодты шамдар мен жарықтандыру тіректері орнатылды.

Қала бойынша қосымша 376 дана жарықдиодты шамдар көше жарығын күтіп ұстау жұмыстары аясында және жеке шарттар бойынша орнатылды.

 

Жылумен жабдықтау

 

2021-2022 ж.ж. жылу беру маусымына дайындық шеңберінде қазандықты ағымдағы жөндеуге ОБ қаржы қарасытырылып, келесідей жұмыстар атқарылды:

- №2 қазандықты жөндеу.

- №4 қазандықты жөндеу

- Ангар орнату

- ЭБ 808 №2 экономайзерін жөндеу

 

Жылу желілері бойынша

 

2021-2022 ж.ж. жылу беру маусымына дайындық шеңберінде ұзындығы 1 254 метр оқшаулауды қалпына келтіре отырып, әртүрлі диаметрлі жылумен жабдықтау құбырларын ауыстыру жүргізілді.

Сонымен қатар Промышленная көшесінде оқшаулауды ауыстыру жұмыстары жүргізілді.(әскери полиция ғимараты мен контрбарлау арасында.) ұзындығы-700 м.

 

 

         Сумен жабдықтау

 

Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен Алаш көшесіндегі 429 м су құбыры желілері ауыстырылды. Мердігер мекеме – "Арғымақ-СК"ЖШС. Жұмыстар 100% аяқталды.

№2 су жинағышта суды тазарту үшін МБ есебінен 16 мембрана сатып алынып, толықтай орнатылды.

 

Су бұру (кәріз)

 

2021-2022 ж.ж. жылу беру маусымына дайындық барысында ЖБ қаражаты есебінен Космонавтов көшесіндегі №5 үйдің ұзындығы 56 м  және Абай көшесіндегі 17/3 үйдің ұзындығы 35 м кәріз желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

"Сарышаған Сужылу-2014" ЖШС өз күшімен кәріз желілерінде келесі жұмыстар жүргізілді:

- Дружба Народов көшесі № 4/2 үй бойынша ұзындығы 22 метр d-150 мм; Ағыбай батыр № 2 және № 4  үйлер бойынша ұзындығы 36 м аула кәріз желілерін құдық орната отырып ауыстыру.

- ұзындығы 2,437 км коллекторларды қоқыстан және тұнбадан тазалау және жуу;

- құдықтарды жөндеу-18 дана.;

- люктерді орнату-12 дана.;

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША

ТҮКШ бөлімімен ағымдағы жылдың 12 айында 218 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

 

  1. Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және жарамды қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау – 12;
  2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай – ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы - 100;
  3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру – 104;
  4. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру - 2.

 

Жыл басынан бері Приозерск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының 20 отырысы өткізіліп, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да мәселелерді қарауға қатысты 196 өтініш қаралды.

 

 

ПАСПОРТТАУҒА ҚАТЫСТЫ

Техникалық паспорттар дайындалды және тіркеуші органда тіркелді – 2 658 пәтер.(98 %)

 

ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША

Бүгінгі таңда тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде - 381 азамат тұр, оның ішінде:

Мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйым қызметкерлері – 189;

Халықтың әлеуметтік әлсіз топтары – 125;

Көп балалы отбасылар – 30;

Жетім балалар - 13;

Жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған ҚР азаматтары – 24.

 

12 ай ішінде кезектілік тәртібімен коммуналдық тұрғын үй қорынан – 29 пәтер берілді, оның ішінде келесі санаттар бойынша:

Мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйым қызметкерлері -9;

Халықтың әлеуметтік әлсіз топтары – 10;

Көп балалы отбасылар – 6;

Жетім балалар - 2;

Жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған ҚР азаматтары – 2.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ

Күрделі жөндеу жүргізу бойынша.

Приозерск қаласының Ағыбай батыр көшесі, №3 үйді күрделі жөндеу

Ағыбай батыр көшесі № 3 мекен - жайы бойынша тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер мемлекеттік сатып алу қорытындысына сәйкес «Корпорация МСК Строй» ЖШС жеңімпаз болып танылды.

Кіреберістерді жөндеу және үйдің іргетасын нығайту жұмыстары жүргізілуде.

 

Приозерск қаласының Достық көшесіндегі №11 үйді күрделі жөндеу.

Достық көшесі №11 мекен - жайы бойынша тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер мемлекеттік сатып алу қорытындысына сәйкес «ГрадСтройСервис» ЖШС жеңімпаз болып танылды.

Кіреберістерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде..

 

Ағымдағы жөндеу жүргізу бойынша.

 

Панфилов көшесі №7/1 (3 кіреберіс) және Жеңіс бульвары №34 (4 кіреберіс) мекен-жайына күнқағарды орнату жұмыстары жүргізілді. Мердігер «БизнесТехМонтаж» ЖШС.

 

Дружба народов көшесі №4/1, Жеңіс бульвары №30 мекен - жайындағы көп қабатты тұрғын үйдің қасбетіндегі температуралық жікті бітеу бойынша жөндеу жұмыстары орындалды .

Б.Момышұлы көшесі №5 үйдің шатырына ағымдағы жөндеу жүргізілді. (1400 ш. м.). Мердігер «KazBig engineering» ЖШС-гі.

Кисунько көшесі № 2/2, №4/1, №4/2 мекен - жайы бойынша көпқабатты тұрғын үйлерге пластикалық терезелер орнатылды. (88 шаршы метр).

 

Кисунько көшесі № 4/2, №13/1, №13/2, №13/3, №15/2,  Халықтар Достығы көшесі №2, №4/2, Космонавтар көшесі №3, №9/1, №9/2, Балқаш көшесі №2, Гвардейская көшесі №8/4 мекен-жайы бойынша кіреберіс ескі ағаш есіктер темір есіктерге (53 дана) ауыстырылды. Мердігер ЖК "Металл Строй".

Абай көшесі №15/1 (687 шаршы метр) мекен - жайында қасбетке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер "Инжиниринг KZ1"ЖШС-гі.

 

Б.Момышұлы көшесі №3 (II - корпус) мекен - жайындағы көп қабатты тұрғын үйге техникалық тексеру жүргізілді. Мердігер «Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі зерттеу орталығы» ЖШС.

 

Мүлік иелерінің бірлестігін және жай серіктестікті құру.

2021 жылы кондоминиум объектісін басқарудың және күтіп ұстаудың жаңа нысандары бойынша 1 – меншік иелерінің бірлестігі (МИО) және 45 – жай серіктестік (ЖС) құрылды.  Приозерск қаласы бойынша 95,83% құрайды.

 

Приозерск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2021 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары туралы есебі
Дата публикации
14 апреля 2022