Мемлекеттік тұрғын үй қорына жүрізіліп жатқан
түгендеу жұмыстары туралы
Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап "Приозерск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ (бұдан әрі - ТҮКШ) теңгеріміне бекітілген Тұрғын үй қорына, түгендеу жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Комиссиялық тексеру барысында барлық көппәтерлі тұрғын үйлер, сондай-ақ қоржынтүбектегі үйлер тексерілуде.
16.04.1997 жылғы № 94 ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы заңды күшіне енгенге дейін, Приозерск қаласының кәсіпорындарымен, мекемелерімен берілген ордері бар, жылжымайтын мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқығына құқық белгілейтін құжаттарсыз тұрмысқа жайлы пәтерлерде тұратын барлық тұрғындары, құқық белгілейтін құжаттарды қолданыстағы заңнама нормаларының талаптарына сәйкес келтіру үшін "ТҮКШ" ММ жүгінуі қажет.
Естеріңізге сала кетейік: — мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе ЖАО жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады - мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдаушыларға, коммуналдық қызметтерді көрсеткені үшін уақтылы ақы төлеу және жалдау ақысы бойынша берешекке жол бермеулері қажет.
Егерде, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес бұзушылықтар анықталған сәтте, жалға алушылар тұрғын үйден шығарылуға жатады, ал босаған пәтер тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға берілетін болады.
Барлық сұрақтар бойынша Приозерск қаласы, Пушкин көшесі 16, каб. 4 мекен жайындағы "ТҮКШ" ММ-не хабарласуыңызды сұраймыз. Тел. 8 (71039) 5 37 81.