Әлемдік сайлау күніне арналған акциялар
2022 жылдың 8 ақпанында әлемдік сайлау күніне арналған іс шаралар аясында Приозерск қалалық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Ж. Махатов Приозерск қаласының № 2 жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен «Сенің сайлау құқығың» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Барлығы 30 оқушы қатысты. Оқушылар өз тарапынан сайлау процесіне және саясатқа деген қызығушылықтар көрсетіп, көптеген сұрақтар қойды. Аумақтық сайлау комиссиясының дайындаған слайдтары көрсетіліп, сұрақтарға жауап берілді.
Приозерск қалалық сайлау комиссиясы