Ағымдағы жылдың 7 қаңтарында әлемдік сайлау күніне арналған іс шаралар аясында Приозерск қалалық сайлау комиссиясының төрағасы А. Медетбекова Приозерск қаласы № 1 жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен «Конституциялық таңдау құқығы және сайлану» тақырыбына кездесу өткізді. Кездесуге 32 оқушы қатысты. Кездесу ашық әңгімелесу форматында өтті, слайд түрінде 2019-2021 жылға аумақтық сайлау комиссиясының атқарған жұмыстары көрсетілді.Оқушылар тарапынан әр түрлі сұрақтар қойылды, және барлық сұрақтарға толық және түсінікті жауап берілді.