Дүниежүзілік сайлау күні
Бұл күн 2005 жылдың 14 – 17 қыркүйегінде Будапештте өтетін сайлауды ұйымдастырушылардың жаһандық конференциясында, оны жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өту туралы шешім қабылданған кезде құрылды.
Қазақстанда сайлау процестері 1995 жылғы 28 қыркүйекте қабылданған"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңмен реттеледі.
Сайлау халықтық егемендікті жүзеге асырудың, қоғамдық пікірді қалыптастыру мен білдірудің, мемлекеттік тетіктің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылады. Біздің елдегі сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруы арқылы жүзеге асырылады. Азаматтар сайлауда дауыс беруге тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан 18 жасқа толғанда қатысады. Негізгі сайлау құқықтарына тең, тікелей және жанама сайлау құқықтары, дауыс беру құпиясы кіреді.