2021 жылдың 3 тоқсаны бойынша Приозерск қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің есебі

2021 жылдың 3 тоқсаны бойынша Приозерск қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің есебі

Ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің ҚР 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша – 32 жеке кеңестер берілді, оның ішінде: мемлекеттік қызметшілер – 29, жеке және заңды тұлғалар – 3.

Түрлі мәселелер бойынша жеке қабылдауда 4 азаматты қабылдады.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша шағымдар-1, оның ішінде: жеке және заңды тұлғалардан-1, негізделген-0.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау бойынша 28 түсіндіру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: дәрістер мен семинарлар-12, мақалалар баспа басылымдарында-3, интернет-ресурстарда-13 мақалалар жарияланды.

Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы бойынша мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуалды қалыптастыруға елеулі үлес қосқан көтермеленетін тұлғалардың саны-29.

Кәсіби этика нормаларының сақталуын және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін бақылау мақсатында анонимді сауалнамаға қатысқан қызметкерлер саны – 123.

2021 жылдың 3 тоқсаны бойынша Приозерск қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің есебі
Дата публикации
04 октября 2021