Приозерск қаласы әкімінің 2021 жылдың 5 ақпандағы халық алдындағы есепті кездесу барысында
айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат
2021 жылғы 30 маусым жағдайы бойынша
|
№ |
Айтылған ескертулер / ұсыныстар |
Ескертулерді/ұсыныстарды іске асыру бойынша іс-шаралар менорындалу мерзімі |
Жауапты тұлға |
Ескертпе |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
Тян В. (Telegrambot) Қалада көптеген кеуіп қалған, бір жерлерде 20 см, ал кейбір жерлерде бір метрге дейін жететін ағаштың түбірлері өте көп. Бізде ағаштар емес, түбірлерөсіп тұрған сияқты. Бұл ағаштартың түбірлерін қопарып қазып алып, олардың орнына жаңа ағаштар отырғызуға бола ма? (терек емес, өйткені оның мамығына аллергиясы бар адамдар көп, балалар сіріңкемен ойнайды және т. б.) |
Мамыр 2021ж.
|
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д.Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т.А., «ТҮҚҚБ» КМК директорының м. а Курец С. В. |
Ағаштарды кесу, діңгектерін жұлу жұмыстары қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша көктемгі екі айлық аясында жүргізілді. Жыл сайын қалалық бюджет қаражаты есебінен ұйымдар мен мекемелердің аумақтарында оларды одан әрі күту және суару үшін 200-300 бірлік ағаш көшеттерін (қарағай, шаған, түбітсіз күміс түстес терек және т.б.) сатып алу және отырғызу жүргізіледі. Ағымдағы жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен 350 дана ағаш көшеттері отырғызылды. Қосымша, «Алмаз LTD» ЖШС демеушілік қаражаты есебінен Дорохов көшесінде 100 дана көшет отырғызылды. Бақылаудан алынды |
|
2. |
Тян В. (Telegrambot) Бетон жақтауында ағаштан жасалғанорындықтарды (алаңда) қалпына келтірсеңіз өте жақсы болар еді, мереке кезінде олар үнемі бос болмайды, бірақ адамдар бетонға отырады немесе үстіне пакет қойып отырады. |
Маусым 2021ж.
|
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д.Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т.А. |
2022-2024 ж.ж. арналған қалалық бюджетті қалыптастыру кезінде орталық алаңда орналасқан бетон парапеттегі тақтайша орындықтарын қалпына келтіру үшін қаражат бөлу мәселесі қаралатын болады. Бақылауда |
|
3. |
Тян В. (Telegrambot) Алаң мен ҚОҮ-нің арасында орындықтар мен урналар орнатылған, бірақ орындықтар бойымен итмұрын өскендіктен оларға отыру мүмкін емес."Тіріқоршауды" кесуге жауаптылар бар ма? |
Мамыр 2021ж.
|
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММбасшысы Айдарханов Т. А. |
ҚҚТ жанындағы бұталарды кесу жұмыстары РФ ҚМ 03080 ә/б 97 ГОҮ қызметкерлерінің және «КТҮҚҚБ» КМК қоғамдық жұмысшыларының күшімен қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша көктемгі екіайлық шеңберінде жүргізілді. Бақылаудан алынды |
|
4. |
Тян В. (Telegrambot) Мен бұрын Космановтар 3/2 үйінің жанына ойын алаңына еркін өту үшін компенсатор орнатуды сұрап жаздым, маған белгілі бір мерзімге дейін көпір орнатылады деп жауап берді. Өкінішке орай, ол әлі орнатылғанжоқ. |
Наурыз 2021ж.
|
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д.Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т.А., «ТҮҚҚБ» КМК директорының м. а Курец С. В. |
16.03.2021 ж. "ТҮҚҚБ" КМК жылу желілерінің теңгерім ұстаушысы Космонавтов көшесіндегі №3/2 үйдің жанына жылу құбыры арқылы өтпелі көпір орнатты. Бақылаудан алынды |
|
5. |
Улмаханов Нұркен(Telegrambot) Саламатсыздарма, Абай көшесі 7, 9 үйлердің алдына асфальтқа кедергілі жол өтпелін қойсаңыздар дұрыс болар еді. Жол тегіс болғансоң көптеген автокөлік үйлердің алдымен жүреді және жылдамдықтыасырып жүргізеді.Балалардың ойнауына, қауіпсіздігіне алаңдаймыз. |
Маусым 2021ж.
|
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А. Приозерск қ. ПБ бастығы подполковник Рыспеков Б.А. (келісім бойынша)
|
Аулаларында асфальтбетон қоспасынан жасанды жол кедір-бұдырлығын орнатуға қаражат бөлу туралы мәселе 2021 жылғы қалалық бюджетті кезекті нақтылау кезінде бюджет комиссиясымен қаралып, қаражат бөлу туралы шешім қабылдынды. Жұмыстар ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін жүргізілетін болады. Абай көшесі, 7, 9 және 11 үйлердің аулаларында асфальтбетон қоспасынан жасанды жол кедір-бұдырлығын орнатуға қаражат бөлу туралы мәселе 2021 жылғы қалалық бюджетті кезекті нақтылау кезінде бюджет комиссиясымен қаралып, қаражат бөлу туралы шешім қабылдынды. Жұмыстар ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін жүргізілетін болады. Бақылауда |
|
6. |
Зайнуллаева Асемгул (Telegrambot) Қайырлы таң. Космонавтар 9/2 көшесінің алдындағы ойын алаңы өте тығыз орналасқан соны кеңдеу етіп жасауға мүмкіндік бола ма, жері кең. Балалар ойнаған кезде қауіпті. |
Маусым 2021ж.
|
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А.
|
Космонавтов көшесі, 9/2 және Дружба Нардов, 2 үйлердің ауласындағы балалар ойын алаңын басқа жерге ауыстыру мәселесі 2022-2024 ж.ж. арналған қала бюджетін құру кезінде қарастырылады. Бақылауда |
|
7. |
Махаббат Юнусова (Telegrambot) Ағыбай Батыр к. 3, 5 үйлерінің ауласына лежачий полицейский орнатылып, балалар ойын алаңын қалпына келтірсе екен. Қалалық прокуратураның Ағыбай Батыр көшесінен бастап СЭС-ке дейінгі аумағының тазалығын,абаттандыру жұмыстарын, сол аралықтағы көше жарығын қолға алса екен. Дорохова мектебінің айналасынтазалығын ұйымдастырсын. Әрбір көшенің екі жағында да тротуар болуға тиісті, сол Абай көшісінің екінші жағына тротуар салынса екен.
|
Маусым 2021 ж.
тудырмайды. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А.
|
Жасанды жол кедергісі және ойын алаңы бойынша. Ағыбай батыр көшесі, 7, 9 және 11 үйлердің аулаларында асфальтбетон қоспасынан жасанды жол кедір-бұдырлығын орнатуға қаражат бөлу туралы мәселе 2021 жылғы қалалық бюджетті кезекті нақтылау кезінде бюджет комиссиясымен қаралып, қаражат бөлу туралы шешім қабылдынды. Жұмыстар ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін жүргізілетін болады. Абаттандыру бойынша. Ағымдағы жылы қала бюджеті қаражат есебінен балалар ойын алаңына қосымша 2 дана ойын элементтерін орнату жоспарлануда. Қалалық прокуратурадан Приозерск қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Дорохов мектебінің бұрынғы орнына дейінгі аралығындағы аумақты тазарту жұмыстары қаланы абаттандыру, санитарлы тазарту және көгалдандыру бойынша екіайлық шеңберінде атқарылып жатыр. Жаяу жүргіншілер жолы бойынша. Абай көшесінің жұп жағында ағаштардың, гараждардың және қоршаудың болуына байланысты жаяу жүргіншілер жолын салу мүмкіншілік тудырмайды. Бақылауда |
|
8. |
Айдана (Telegrambot) Сәлеметсіздерме, кешіресіздер әрине орынды сұрақпа, сұрақ емеспа білмеймін, бірақ полуостровта окорачканың кг бағасы неге 1000 тг? Қалада барлық жерде 650-750. Барлық жерге бір бағамен келедіғой. Продуктының бағасы полуостровта ұшып тұр.
|
Наурыз 2021ж.
|
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д.Ш., «Приозерск қ. кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Жүсіпов А.Ж. |
«Приозерск қ. кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметкерлері әр апта сайын әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағаларына мониторинг жүргізіп отырады. Қаланың Жартытүбек (Полуостров) бөлігіндегі дүкендерде тауықтың аяғының бағасы мониторинг жүргізу барысында 900-1 000 тг. екені белгілі болған. Бүгінгі таңда кәсіпкерлермен дүкендерде тауықтың аяғының бағасы 650-750 тг. (өнім өндірушілердің көтерме бағасына байланысты) асырмау керек екендігі ескертілді. Сонымен қатар қаламызға көтерме бағамен азық түлік жеткізуші кәсіпкермен қаланың Жартытүбек бөлігінде орналасқан дүкендерге де жоғарыда аталған тауар түрін арзан бағамен жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бақылаудан алынды |
|
9. |
Махаббат Юнусова (Telegrambot) Ағыбай Батыр 3-й күрделі жөндеуі қашан басталады? Кезінде бірнеше жылдар бойы мен 4-ші подъезді айтқанымда трещина жоқ деп комиссия жауап қайтарған еді. Қазір 2-ші подъезд лесницасы айырылып құлап жатыр? КСК уақытша жасады. Стеналары айырылып жатыр, 1-ші этаждағы пәтерлерге стяжка пол қажет, подъезге отопление, балкондарға ремонт жүргізу қажет, барлық подъезде, пәтерлерде трещина бар. Экспертизаны қашан аласыз? Экспертиза 2018 жылы дайын болып еді ғой. Бізге Ағыбай батыр 8-дегідей бетон жапсырма қажет емес, біздің үй қабырғалары онсызда биік, бізге стекловатаны салып одан соң обшивать етуіңізді сұраймыз, бұл менің ғана емес жительдердің бірауыздан өтініші. |
Желтоқсан 2021 ж.
|
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А.
|
Бүгінгі күні аталған үйге күрделі жұмыстар жүргізу үшін, арнайы жобалық сметалық құжаттар жасалынды. Аталған жоба қазіргі таңда сараптамадан өткізілуде. Ағыбай батыр к., 3 үйдің қас бетін жылылауға және қаптау үшін, жобаға металла сайдинг және жылылау минвата материалдар салынған. Мердігер толық жобамен сараптаманы тапсырған кезде, мемлекеттік сатып алу процедураларын ұйымдастырып, жөндеу жұмыстары а.ж. маусым айында басталады. Жергілікті бюджетте осы жұмыстарды бастау үшін қаражат қарастырылған. Бақылауда |
|
10. |
Махаббат Юнусова (Telegrambot) Мынау Абай сквердің жанындағы Пушкинадан СЭС-ке қарай өтетін тротуар өте қолайсыз, биік балалар түгіл ересектер құлап сырғанап көлік астына құлап кету қаупі бар. |
Шілде 2021 ж.
|
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А. |
Биыл қалалық бюджеттен тратуарларға ремонт жасау үшін қаржы қарастырылған. Алдағы уақытта үнемделген қаржы есебінен осы участокта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бақылауда |
|
11. |
guliasabitova2 (Instagram) Қайырлы күн. "Достық" БЖШО ғимаратына шақыру бойынша бағдаршам жасауды сұраймын, себебі жолдарда қаскөй жүргізушілер бар. "Пионерлер үйі" ғимаратына бара жатқан жас жаяу жүргіншілерді жолдағы қаскөй жүргізушілер елемейді. Бұл біздің балаларымыздың жолдан өтуіне қауіп төндіреді. |
Қыркүйек 2021 ж. болады. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А., Приозерск қ. ПБ бастығы подполковник Рыспеков Б.А. (келісім бойынша)
|
«Достық» орталығының жанындағы Балқаш және Космонавтар к. жолайрығында жаяу жүргіншілер үшін шақыру бағдаршамынорнату мәселесі алдын ала Приозерск қаласының полиция бөлімімен келісілетін болады. Полиция бөлімінің оны орнату жөнінде ұсынысы болған жағдайда, 2022 ж. бюджетінде қарастырылатын Бақылауда |
|
12. |
samal_zhanalieva (Instagram) Сәлеметсізбе? Транспортная көшесіне 2020 ж. жаз айында үйдің сыртына ОАЭЖжаңадан счетчик қойған болатын. Содан бері әр айда 20-22 мыңға счет келеді. Олардыңқай уакытта келіп, қалай счетчик көрсеткіштерін алатынында білмейміз. Осыған орай, тексеру жүргізуге көмек берсеңіз. |
Наурыз 2021 ж.
|
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А., «ҚазэнергоЦентр» ЖШС басшысы Шарашорина И. Г., (келісім бойынша) ОАЭЖ БЭЖ «ЖТЭК» ЖШС басшысы Салыкбаев Р. (келісім бойынша)
|
2021 жылдың 17 наурызында Оңтүстік аудан электр желілері ф.БЭЖ «ЖТЭК» АҚ– ның Приозерск қаласы бойынша бөлімшесіндегі электр маманымен және «Приозерск қаласының тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ– нің мамандарының қатысуымен электр есептеуішке тексеру жүргізілді. Тексеру барысында, үйдің электр есептеуішіне сырттан басқа электр жүйелері қосылмағанын, электр есептеуіш құралы жұмысын дұрыс атқарып тұрғаны белгілі болды. Үй иесі әр айда есептік кезең уақытысында электрмен жабдықтаушы мекеме мамандарымен бірге электр энергия көрсеткішін бірге барып түсіруге құқылы. Сонымен қоса, электрмен жабдықтаушы мекеме өзара келісім – шарттың талаптарын орындамаған жағдайда, даулы сұрақтарды шешу үшін үй иесі сотқа жүгіне алады. Бақылаудан алынды |
|
13. |
realadix (Instagram) Полуостровтағы су туралы. Күн жылынғанда қандай да бір жұмыс болады ма? Немесе жыл сайын судың қатып қалуын күтеміз бе? |
Шілде 2021 ж.
|
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А., «ТҮҚҚБ» КМК директорының м.а Курец С. В. |
Алаш к. құбырын қайта қалпына келтіру мәселесі жазғы уақытта мемлекеттік сатып алу процедуралары өткеннен кейін мердігерлік ұйыммен жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылған. Бақылауда |
|
14. |
zylikhaeralieva (Instagram) Полуостровтағы негізгі трасса мен Озерная көшесін қосатын жолға да жол кедергілер(лежачий полицейский) орнатылса! |
Шілде 2021 ж.
|
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А., Приозерск қ. ПБ бастығы подполковник Рыспеков Б.А. (келісім бойынша)
|
Бірлік пен Алаш көшелерінің қиылысына жасанды жол кедергілерін орнату үшін қаражат бөлу мәселесі 2021 ж. қала бюджетін кезекті нақтылау барысында қарастырылатын болады. Бақылауда |
|
15. |
maria_s_a_ (Instagram) Кисунько 15/3 ойын алаңын қалпына келтіре ме? |
Шілде 2021 ж.
|
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А.
|
Кисунько к. 15/3 үйдің ойын алаңына қосымша элементтерді орнатуға қаражат бөлу мәселесі 2021 ж. қала бюджетін кезекті нақтылау барысында қарастырылатын болады. Бақылауда |
|
16. |
Бакбергенова Г. (WhatsApp) Комсомольская к. жарықтандырған болатын, қазіргі уакытта олар жұмыс істемей тұр. Осыны қолға аласыздар ма? |
Шілде 2021 ж.
|
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А. |
Бүгінгі таңда «Инстройтех» құрылыс компаниясы» ЖШС мердігерлік ұйымымен Таңшолпан көшесіндегі көше жарығын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бақылаудан алынды |
|
17. |
perde.narman (Instagram) Достық көшесі 11 үйге қашан жөндеу жұмыстары жүреді, соңғы подъездегі жарықтан дала көрінеді. |
Желтоқсан 2021 ж.
|
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А.
|
Бүгінгі күні Достық к., 11 үйді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін проектылық-сметалық құжаттар дайындалуда. Аталған жоба сараптамадан оң нәтижесін алған кезде қаражат бөлу үшін, бюджеттік өтінім тапсырылатын болады. Бақылауда |
|
18. |
tusn.idnd (Instagram) Мен көп балалы анамын юрист мамандығын бітіргенмін, жұмыс іздеп барсам опыт сұрайды мені жұмысқа алмаса қайдан опыт болады. |
Сәуір 2021 ж.
|
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Казиева Б.А., «Приозерск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Бейскеев С.Ж. |
Азаматшаның сұрағын нақтылау және жұмыс орындарын ұсыну бойынша хабарласу мүмкіндігі тек инстаграм желісінде хат алмасу болды. tusn.idnd сұрағына жауапты тікелей эфир барысында алғысы келгендігін және жауап беру қажеттілігі жоқ екендігін алға тартып, байланыс орнатпады. Осыған орай, аталған сұрақ бақылаудан алынды. Бақылаудан алынды |