Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ
"Приозерский вестник" облыстық ақпараттық-жарнамалық газетінің редакциясы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындауға байланысты, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес, газет тіркелген кандидаттарға кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын ұсынатынын мүдделі тұлғаларға хабарлайды.
Үгіт ақпаратын орналастыру кезеңі 2021 жылғы 14 шілде сағат 18-ден бастап белгіленді және 2021 жылғы 24 шілде жергілікті уақыт бойынша сағат 00-де аяқталады.
Газетте жариялау құны 1 шаршы сантиметр үшін 50 теңгені құрайды. "Приозерский вестник" газеті бекітілген МЕМСТ-9254 сәйкес келеді және апта сайын (жұма), А3 форматымен, мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады, "18+"жас ерекшелігіне ие. Газеттің таралымы - 500 дана, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ҚИ ППИ есепке қою туралы № 17414-Г куәлігі.
Газет Приозерск қаласында жазылу арқылы және тұрғындар арасында (тегін) таратылады.

"Приозерский вестник" газетінің редакциясы

Хабарландыру
Дата публикации
09 июля 2021