Приозерск қаласының 2021 жылдағы қаңтар-сәуір айының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы

Приозерск  қаласының  2021 жылдағы қаңтар-сәуір айының   

әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы

 

 

Экономиканың нақты секторы

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 2 369,5 млн.теңгені және 2020 жылға 107,6  % құрады (қаңтар-сәуір 2020 ж. – 2 203,04 млн. теңге). НКИ – 61 %.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 60,5 млн.теңгені және 2020 сәуіріне 141,4 % құрады (42,8 млн. теңге). НКИ – 114,6 %. 

Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 2,6 % артты, сүт өндірісі 21,2 % - ға, жұмыртқа өндірісі 1,2 %-ға өсті.

Ірі қара мал басы 18,0 % - ға өсті.

Ешкі басы мен қой басы 6,6 % - ға, жылқы басы 0,5% - ға, құс басы 1,1 % - ға төмендеді.

 

Негізгі капиталға инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 252,4 млн.теңгені және 2020 сәуіріне 74,7 % құрады (қаңтар-сәуір 2020 ж – 337,87 млн. теңге), НКИ – 73,9 %.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 708 бірлікті құрады немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 107,6 % құрады (қаңтар-сәуір 2020 ж. – 658 бірлік).

 

Бөлшек тауар айналымы

2021 жылдың қаңтар-сәуір айында бөлшек тауар айналымының көлемі 588,7 млн.теңгені немесе жоспарға 104,7 %  (562 млн. тенге) және 2020 жылдың сәуіріне  104,8 %  (561,7  млн.тенге) құрады. НКИ – 97,5 %.

                               

Құрылысы

Құрылыс жұмыстарының көлемі 16,01 млн. теңгені алдынғы жылға 810,6 %  құрады (қаңтар-сәуір 2020 ж. – 1,975  млн. тенге).

1 728 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 184 % құрады (қаңтар-сәуір 2020 ж. – 939 ш. м).

 

Қаржылық көрсеткіштер

Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 158,5 млн.теңгені және жоспарға 117,5 % (134,9  млн.тенге) немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 121,5 % құрады. (130,4 млн. теңге).

 

Әлеуметтік сала

2020 жылдың қаңтар-сәуір айында жұмыссыздар саны 212 адамды және 120,5 % -ды құрады (176 адам).

Жұмысқа орналастырылғандар саны 171 адамды құрады немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 73,4 % құрады. (қаңтар-сәуір 2020 г. - 233 адам).

Қоғамдық жұмыстарға 79 адам (қаңтар-сәуір 2020 г. – 122 адам).

Қысқа мерзімді курстарға (қайта даярлауға) 7 адам жолданды (қаңтар-сәуір 2020 г. – 0 адам).

Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 270 адамды (67 отбасы) құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңіне 52,4 % құрады (515 адам (105 отбасы).

Төмен табысы бар адамдар санының төмендеуі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр балаға 20 789 теңге мөлшерінде белгіленген АӘК-тің жойылуымен, сондай-ақ кедейлік мөлшерінің азаюымен байланысты.

 

Денсаулық сақтау

Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 16,74 жағдай немесе 85,4 % құрады (қаңтар-наурыз 2020 ж. – 19,60 жағдай).

Өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 8,22 жағдай немесе 170,5 % құрады (қаңтар-наурыз 2020 ж. – 4,82 жағдай).

Бала өлімінің коэффициенті 0 (1000 тірі туылғанға шаққанда сәуір 2020 ж. – 18,90 жағдай).

 

Білім

Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 672 адамды құрады.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен 623 бала қамтылды.   

Мектептерде 1 927 оқушы оқиды (2020 ж. 4 айы – 1 886 адам).

Мектептерде бір компьютерге 1,9 оқушыдан келеді (сәуір 2020 ж. – 4,5).

                               

Қылмыс

Тіркелген қылмыстар саны - 25 жағдай, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 80,6 % - құрады (қаңтар-сәуір 2020 ж. – 31 жағдай).

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 100 % - ды құрады (қаңтар-сәуір 2020 ж. – 100 %).                       

 

Приозерск қаласының 2021 жылдағы қаңтар-сәуір айының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы
Дата публикации
17 мая 2021