Приозерск қаласының 2021 жылдағы қаңтар-наурыз айының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы

Приозерск  қаласының  2021 жылдағы қаңтар-наурыз айының   

әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы

 

 

Экономиканың нақты секторы

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 1 862,5 млн.теңгені құрады (қаңтар-наурыз 2020 ж. – 1 791 млн. теңге). НКИ – 66,1 %.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 44,4 млн.теңгені және 2020 наурызына 141,4 % құрады (31,4 млн. теңге). НКИ – 114,1 %. 

Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 19,54 % артты, сүт өндірісі 21,7 % - ға, жұмыртқа өндірісі 1,3 % - ға өсті.

Ірі қара мал басы 17,6 % - ға, қой басы 23,5 % - ға өсті.

Ешкі басы 11,4 % - ға, шошқа басы 3,5 % - ға, жылқы басы 0,6 % - ға, құс басы 1,0 % - ға төмендеді.

 

Негізгі капиталға инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 208,5 млн.теңге (қаңтар-наурыз 2020 ж. – 182,5 млн. теңге). НКИ – 113,7 %.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 711 бірлікті құрады немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 107,6 % құрады (қаңтар-наурыз 2020 ж. – 661 бірлік).

 

Бөлшек тауар айналымы

2021 жылдың қаңтар-наурыз айында бөлшек тауар айналымының көлемі 425,1 млн.теңгені немесе жоспарға 90,8 %  (468,5 млн. тенге) және 2020 жылдың наурызына  75,8 %  (561,1  млн.тенге) құрады. НКИ – 85,1 %.

                               

Құрылысы

Құрылыс жұмыстарының көлемі 12,01 млн. теңгені алдынғы жылға 608,1 %  құрады (қаңтар-наурыз 2020 ж. – 1,975  млн. тенге). НКИ – 608,7 %.

1 728 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 184,0 % құрады (қаңтар-наурыз 2020 ж. – 939 ш. м).

 

Қаржылық көрсеткіштер

Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 113,7 млн.теңгені және жоспарға 121,2 % немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 110,8 % құрады. (102,6 млн. теңге).

 

Әлеуметтік сала

2021 жылдың қаңтар-наурыз айында жұмыссыздар саны 188 адамды құрады (144 адам).

Жұмысқа орналастырылғандар саны 121 адамды құрады немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 75,6 % құрады. (қаңтар-наурыз 2020 г. - 78 адам).

Қоғамдық жұмыстарға 59 адам қатысты немесе 2020 жылғы наурызына 75,6 % құрады (қаңтар-наурыз 2020 г. - 78 адам).

Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 243 адамды (55 отбасы) құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңіне 53,6 % құрады (453 адам (94 отбасы).

Төмен табысы бар адамдар санының төмендеуі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр балаға 20 789 теңге мөлшерінде белгіленген АӘК-тің жойылуымен, сондай-ақ кедейлік мөлшерінің азаюымен байланысты. Қарағанды ​​облысында кедейлік шегі 2021 жылдың 1 тоқсанында - 22 621 теңге.

 

Денсаулық сақтау

Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 15,34 жағдай немесе 73 % құрады (қаңтар-ақпан 2020 ж. – 21,01 жағдай).

Өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 8,83 жағдай немесе 175,5 % құрады (қаңтар-ақпан 2020 ж. – 5,03 жағдай).

Бала өлімінің коэффициенті 0 (1000 тірі туылғанға шаққанда наурыз 2019 ж. – 13,2 жағдай).

 

Білім

Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 672 адамды құрады.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен 623 бала қамтылды.   

Мектептерде 1 927 оқушы оқиды (2020 ж. 3 айы – 1 903 адам).

Мектептерде бір компьютерге 1,9 оқушыдан келеді (наурыз 2020 ж. – 4,5).

                               

Қылмыс

Тіркелген қылмыстар саны - 19 жағдай, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 82,6 % - құрады (қаңтар-наурыз 2020 ж. – 23 жағдай).

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 0 - ды құрады (қаңтар-наурыз 2020 ж. – 0).

 

                                     

Приозерск қаласының 2021 жылдағы қаңтар-наурыз айының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы
Дата публикации
15 апреля 2021