Приозерск қаласының 2021 жылдағы қаңтар-ақпан айының
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы
Экономиканың нақты секторы
Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 1 149,7 млн.теңгені құрады (қаңтар-ақпан 2020 ж. – 736,6 млн. теңге). НКИ – 67,3 %.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 18,3 млн.теңгені және 2020 ақпанына 132,6 % құрады (13,8 млн. теңге). НКИ – 116,8 %.
Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 3,8 % артты, сүт өндірісі 20,4% - ға өсті.
Ірі қара мал басы 16,6 % - ға өсті.
Ешкі басы мен қой басы 4 % - ға, жылқы басы 1,2 % - ға, құс басы 0,5 % - ға төмендеді.
Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 45,725 млн.теңге (қаңтар-ақпан 2020 ж. – 91,4 млн. теңге). НКИ – 49,2 %.
Инвестицияның НКИның төмендеуіне бюджеттік қаржыландыруды тоқтату себеп болып отыр.
Кәсіпкерлікті дамыту
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 723 бірлікті құрады немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 109,9 % құрады (қаңтар-ақпан 2020 ж. – 658 бірлік).
Бөлшек тауар айналымы
2021 жылдың қаңтар-ақпан айында бөлшек тауар айналымының көлемі 266,1 млн.теңгені немесе жоспарға 90,5 % (294 млн. тенге) және 2020 жылдың ақпанына 90,5 % (293,5 млн.тенге) құрады. НКИ – 84,5 %.
Құрылысы
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,658 млн. теңгені алдынғы жылға 113,6 % құрады (2020 ж. – 1,460 млн. тенге).
1 728 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 285,6 % құрады (қаңтар-ақпан 2020 ж. - 605 ш. м).
Қаржылық көрсеткіштер
Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 68,5 млн.теңгені және жоспарға 118,7 % немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 97,3 % құрады. (70,41 млн. теңге).
Әлеуметтік сала
Жұмыссыздар саны 194 адамды құрады немесе 145,9 % (қаңтар-ақпан 2020 ж. - 133 адам).
Жұмысқа орналастырылғандар саны 90 адамды құрап, 65,2 % - ға төмендеді (қаңтар-ақпан 2020 г. - 138 адам).
Қоғамдық жұмыстарға 53 адам қатысты (қаңтар-ақпан 2020 г. - 63 адам).
Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 222 адамды құрадынемесе 66,7 % (қаңтар-ақпан 2020 г. - 333 адам (66 отбасы)).
Төмен табысы бар адамдар санының төмендеуі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр балаға 20 789 теңге мөлшерінде белгіленген АӘК-тің жойылуымен, сондай-ақ кедейлік мөлшерінің азаюымен байланысты.
Денсаулық сақтау
Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 12,33 жағдай немесе 63,6 % құрады (қаңтар 2020 ж. – 19,40 жағдай).
Өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,05 жағдай немесе 133,3 % құрады (қаңтар 2020 ж. – 5,29 жағдай).
Бала өлімінің коэффициенті 1000 тірі туылғанға шаққанда 0 жағдай (ақпан 2020 ж. – 18,90 жағдай).
Білім
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 672 адамды құрады.
Балаларды мектепке дейінгі біліммен 623 бала қамтылды.
Мектептерде 1927 оқушы оқиды немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 101,3%. Мектептерде бір компьютерге 1,9 оқушыдан келеді (ақпан 2020 ж. – 4,5).
Қылмыс
Тіркелген қылмыстар саны - 14 жағдай, бұл 2020 жылғы ақпанына 116,7 % құрады (қаңтар-ақпан 2020 ж. - 12 жағдай).