Приозерск қаласы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы 2020 жылға арналған есеп

Приозерск қаласы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы 2020 жылға арналған есеп

 

 

Приозерск қаласында  Мемлекеттік қызмет көрсетумен келесі жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар айналысады:

  1. «Приозерск қаласы әкімі аппараты» ММ АХАТ бөлімі
  2. «Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ
  3. «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
  4. «Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
  5. «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» ММ
  6. «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары, тұрғын үй инспециясы» ММ
  7. «Приозерск қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ
  8. «Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізілімінен Приозерск қаласында  мемлекеттік қызметтердің 78 түрі көрсетіледі.

2020 жылы Приозерск қаласының атқарушы органдары мен ведомстволық бағынысты мекемелері жеке және заңды тұлғаларға 6331 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде,

- мемлекеттік мекемелер арқылы – 1134 (17,9%),

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) – 1413 (22,3%),

  - мемлекеттік корпорация арқылы – 903 (14,3%),

- электронды түрде –  2881 (45,5%).

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша 23 тексеру шарасы жүргізілді, оның ішінде, 14-і  мемлекеттік мекемелерге, 9-ы бағынысты мекемелерге.

Электрондық  түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттауға бағытталған 24 іс-шаралар өткізіліп, 3202 адамды қамтыды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында 17 басылым орналастырылды, 800-ден аса брошюралар мен флайерлер таратылды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысатын қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында  2 маман ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды ​​облыстық филиалында оқудан өтті.

Қаланың мемлекеттік мекемелерінде азаматтарды қабылдауға жағдайлар жасалды, мемлекеттік қызметтерді Egov.kz «электрондық  үкімет» порталы арқылы алуға практикалық көмек көрсету үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылды,  ақпараттық стендтер орналастырылды.

Қаланың орталық көшелерінде мемлекеттік мекемелердің жұмысын бағалау бойынша Digital AGENT қосымшасын дәріптеу бойынша баннерлер ілінді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға және «электрондық үкімет» порталын танымал етуге бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілді. 2020 жылы 3 Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі, порталда жұмысты оқыту бойынша әртүрлі семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілді egov.kz, халықтың аз қамтылған топтарын қолдау жөніндегі шаралар туралы түсіндіру, оның ішінде «атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету тетігін жетілдіру жөніндегі кездесулер. Өткізілген іс-шаралар БАҚ-та, әлеуметтік желілер беттерінде жарияланды.

Приозерск қаласы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы 2020 жылға арналған есеп
Дата публикации
03 июня 2021