2017 жылғы 28 сәуірдегі
Приозерск қаласы әкімінің «Приозерск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің Ережесін бекіту туралы» № өкіміне қосымша
Приозерск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік
қызметтер көрсетуді бақылау және
ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің
Е Р Е Ж Е С І
Бөлімнің құрамы мынадай:
Бөлім басшысы – 1 бірлік
1) Бөлім құзіретіне енгізілген сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметі актілерінің, облыс және қала әкімдіктерінің шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының уақытылы орындалуын бақылайды;
2) Мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер қызметтерін үйлестіру;
3) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру;
4) Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг және бағалау;
5) Жергілікті атқарушы ұйымдарға электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыруға көмек көрсету;
6) Приозерск қаласының атқарушы органдарының, жоғарғы органдармен, сонымен қоса, халықпен және барлық меншік түріндегі мекемелердің өзара тиімді ақпараттық қарым-қатынасын, автоматтандырылған бағдарламалық-техникалық және коммуникациялық ортаны дамыту және енгізу бойынша қызметтерін үйлестіру;
7) Мемлекеттік қызметшілердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім деңгейлерін жоғарылату бойынша қызметтерді үйлестіру;
8) Ақпаратты тасымалдау мен сақтау, өңдеудің техникалық құралдарын қолдану және қағазсыз, ақпараттық технологияны енгізу және дамыту;
9) Қала әкімінің ресми сайтына жетекшілік ету, оны дамыту, мониторинг жүргізу және Приозерск қаласының атқарушы органдарының интернет ресурстары сапасын жоғарылатуға бағытталған шаралар ұйымдастыру;
1) Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет Тізіліміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар жасау;
2) Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыруды қамтамасыз ету;
3) Жергілікті атқарушы органдардың көрсететін мемлекеттік қызметтерінің сапасына ішкі бақылау жүргізу;
4) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер көрсететін мемлекеттік қызметтердің мониторингі, есеп берулері мен талдауын жасау;
5) Қарағанды облысының ықпалдастырылған ақпараттық ресурсына енгізілуі үшін қаланың атқарушы органдарының ақпараттық дерекқорын және деректер базасына тіркеу және түгендеу жүргізу;
6) Қала әкімі аппаратының уәкілетті бөлімшелерімен бірлесіп, басқарушылық ақпаратты жинақтау және тасымалдау, сақтау технологияларының қағазсыз жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
7) Қала тұрғындарының қала ішіндегі, сонымен қоса, облыстық деңгейдегі ақпараттық ресусртар мен желілерге қосылу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
8) Қаланың атқарушы органдарының ақпараттық жүйелерінің ықпалдастыру және қызметін қамтамасыз ету үшін атқарушы ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің дерекқорларына резервтік көшірмелер, архивтік деректерді сақтауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету, қаладағы, кенттердегі серверлік орталықтардың қызмет етуін және құру бойынша қызметтерді үйлестіру;
9) Қаланың атқарушы органдарының ақпараттық жүйелерін құру және қызмет жасауы бойынша қызметтерді үйлестіруді қамтамасыз ету, ұйымдастыру;
10) Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстарын және жүйелерін қорғауды қамтамасыз ету сұрақтары бойынша ұсыныстарды енгізу;
11) Қала әкімі аппаратының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім деңгейін жоғарылату бойынша қызметіне қатысу;
12) Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша республикалық жобаларды орындау аясында жүзеге асырылатын, Ұлттық ақпараттық жүйелер мен дерекқорларын, инфрақұрылымдық элементтерін дамыту мен енгізу сұрақтары бойынша ақпараттарды жинақтау, өңдеу сараптау;
13) Компьютерлік сауаттылықты оқытуды ұйымдастыру сұрақтары бойынша, ақпарат жинақтау, өңдеу және сараптау.
1) Осы Ережеге сәйкес, бөлімнің қызметімен байланысты, белгіленген тәртіпте қала аумағындағы әрекет ететін әр түрлі меншік нысаналарындағы мекемелер мен кәсіпорындардан қажетті ақпарат пен материалдар сұрауға және алуға;
2) Қаланың жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық технологияларды қолдану бойынша мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін бағалауды жүргізу жөнінде әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
3) Қазақстан Республикасының «электронды үкіметінің» бірыңғай архитектурасының талаптарын орындау мақсатында, атқарушы органдарда міндетті қолданылуы тиіс ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құралдарын, ақпаратты техникалық, бағдарламалық және технологиялық өңдеу, оған тәуелді деректерді алу-жіберу, өңдеу және беру, сақтау форматтары стандарттарының қолдануылуын анықтау;
4) Жергілікті атқарушы органдардың және облыстың уәкілетті органдарының іспетті бөлімшелерімен мемлекеттік қызмет көрсету, байланыс, ақпараттандыру сұрақтары бойынша қарым-қатынас жасау;
5) Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарының жауапты мамандарынан ақпараттық технологияларды дамыту және енгізу, мемлекеттік қызметті көрсету сұрақтары бойынша қажетті ақпарат пен есептілікті сұрату және алу;
6) Бөлімнің құзіретіне қатысты Қала әкімімен бекітілетін қалалық бағдарламаларды жасауға қатысу;
7) Приозерск қаласындағы ақпараттандыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру сұрақтары бойынша, сонымен қоса, қала әкімінің қарауына қалалық, аймақтық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру сұрақтары бойынша, ақпараттық технологияларды және жүйелерді енгізу мен дамыту қаулылары мен өкімдерінің жобаларын ұсыну және келісу;
8) Қарағанды облысының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру талаптарына сәйкес қаладағы жергілікті атқарушы органдардың техникалық қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар мен талаптарды енгізу;
9) Қаланың атқарушы органдарында ақпараттандыру саласындағы аймақтық бағдарламалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
10) Бөлім мамандарының облыс деңгейінде ақпараттық коммуникациялық технолоогияларды, мемлекеттік қызмет көрсету, оларды электронды форматқа ауыстыру сұрақтары бойынша өтетін кеңестер, оқулар, көрмелерге қатысуы;
11) Қала әкімі аппараты басшысының қарауына Қазақстан Республикасы «электронды үкіметінің» ақпараттық инфрақұрылымына сай және оңтайландыру бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
12) Қаладағы жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық және электронды база деректерін пайдалану;
13) Басқа бөлімдер мен ұйымдардың құзіретіне кіретін сұрақтары бар құжаттарды қайтару;
14) Қарағанды облысы «электронды әкімдігінің» Приозерск қаласы бойынша Серверлік орталығының қызмет жасау механизмін сүйемелдеу;
15) Приозерск қаласы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсын мазмұны жағынан өзектілеу және техникалық демеу, Приозерск қаласы әкімдігі сайтының талаптарға сай болу мақсатында дамыту бойынша ұсыныстар жасау;
16) Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді заңнамаға сәйкес автоматтандыру сұрақтары бойынша ұсыныстар енгізу;
17) Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртіптерімен тұтынушыларды ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
18) Қаладағы атқарушы органдардың бірыңғай ақпараттық инфрақұрылымын дамыту мәселелерін және істерін жүйелі түрде саралау;
19) Уәкілетті ұйымға ақпараттық технологияларды қолдану және мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау бойынша қажетті ақпараттарды ұсыну;
20) Құзіретіне кіретін ақпараттық технологияларды дамыту сұрақтары, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қала әкімінің өкімдеріне, шешімдеріне қала әкімі аппараты басшысының бұйрықтарына қол қою;
21) Өз құзіретіне кіретін анықталған кемшіліктер бойынша әкім аппараты басшысына баяндау;
22) Бөлімнің жұмысын жетілдіру, қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;
23) Өз құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
1) Бөлім басшысы міндеттер мен қызметтердің уақытылы орындалуына, бөлімнің қызметінің тиімділігін ұйымдастыру үшін жауапты болып табылады және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс Кодексін және ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамалары талаптарын сақтауға толық жауапкершілікті артады.
2) Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сай атаулы лауазымдық қызметке қала әкімінің өкімімен тағайындалып, босатылатын бөлім басшысы басқарады.
Бөлімнің оқшауланған мүлігі жоқ, барлық мүлік әкім аппараты балансында тіркелген.
Бөлім басшысына берілген мемлекеттік мүлікті сақтауға жауапкершілік артылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуді
бақылау және ақпараттық технологияларды
дамыту бөлімінің басшысы __________________