Приозерск қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу
коэффициентін бекіту туралы
Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 18/60
қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 мамырда №
6332 болып тіркелді
З Қ А И - н ы ң е с к е р т п е с і !
Осы қаулы 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 529-бабының
, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 6-тармағына "Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"
Заңының 37-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы "Аймаққа бөлу
коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 475 (нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 17847 тіркелген) бұйрығына сәйкес,
Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Приозерск қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін
аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қарағанды облысының Әділет департаментінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Приозерск қаласы әкімдігінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Д.Ш
. Сәденовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді
және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Приозерск қаласы әкімінің міндетін атқарушысы Д. Саденов
Приозерск қаласы
әкімдігінің
2021 жылғы 30
сәуірдегі
№ 18/60
қаулысына қосымша
Приозерск қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу
коэффициенті
№ Салық салу объектісінің орналасқан жері Аймаққа бөлу
коэффициенті
Үйлерді салу
1
"Түбек" ауданында тұрғын үйлер (Транспортная көшесі мен көл жағалауы арасында:
Таңшолпан көшесінен бақылау өткізу пунктіне дейін,Транспортная және теміржол
көшелері арасында: канализациялық коллектордан бақылау өткізу пунктіне дейін)
2,05
2
Таңшолпан, Алаш көшелері "Түбек" ауданында тұрғын үйлер (көл жағалауы мен
Транспортная көшелері арасында: Сарыарқа көшесінен Таңшолпан көшесіне дейін)
2,35
3 Бәйтерек, Абай көшелері 2,50
4 Көктеңіз көшесі 2,40
5 Панфилова көшесі 1,85
6 Дружба Народов көшесі 1,75
Пәтерлер
7
Дружба Народов, Космонавтар, Гвардейская, Абай көшелері, Бульвар Жеңіс, Балхаш,
Дорохов, Ағыбай батыр, Пушкин, Б.Момышұлы, Кисунько, Достық көшелері
2,10
8 Сарыарқа көшесі 2,50
Саяжайлар
9 Дружба Народов көшесі 1,85
10 Қала шекарасындағы саяжай алабы 1,10
Гараждар
11 Абая көшесі 2,35
12 Ағыбай батыр, Пушкин көшелері 1,85
13 Тұран, Гвардейская көшелері 1,55
14 Гранит өткелі 1,65
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және
құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК