Облыстық сайлау комиссиясының отырысы
Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Приозерск қалалық сайлау комиссиясының босатылған комиссия мүшелері Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының ZOOM бағдарламасы арқылы өткен кезекті отырысына қатысты. Отырыс барысында бір қатар ЖАО веб сайттарындағы сайлау бөліміне үнемі ақпараттарды жаңарту, 2024 жылы кезекті Президент сайлауына арналған бюджеттік өтінім бойынша, сайлаушылар тізімі, учсакелік сайлау комиссия мүшелері, бос орындар бойынша сұрақтар қарастырылды. Аумақтық сайлау комиссия мүшелерінің сұрақтарына түсініктемелер беріліп, сайлау комиссия хатшыларына апта сайынға жұмыс жоспарын бекітіп, сол жоспарға сәйкес жұмыс істеу ұсынылды.
Приозерск қалалық сайлау комиссиясы