Приозерская городская избирательная комиссия
Приозерск қалалық сайлау комиссиясының отырысы
Ағымдағы жылдың 04 мамырында Приозерск қалалық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа қалалық және учаскелік сайлау комиссияларының барлық мүшелері қатысты.
Отырыста «Приозерск қаласының сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» сұрақ қарастырылды. Отырыс барысында сайлау учаскелерінің төрағалары сөз сөйледі. Әр учаскенің шекарасы қайта қаралды. Әрбір сайлау учаскесі ҚР ОСК 2018 жылғы 23 тамыздағы № 11/196 қаулысына сәйкес, яғни әрбір сайлау учаскесінде үш мыңнан аспайтын сайлаушылар тіркелген. Сайлау орталығы әр сайлаушыға қол жетімді жерде орналасқан. Дауыс беруге арналған үй-жай 1 қабатта орналасқан. Әзірге сайлау учаскелерінің шекарасын өзгерту жоспарланбаған.
Приозерск қалалық сайлау комиссиясы