Приозерск қалалық сайлау комиссиясының отырысы
2021 жылдың 31 наурызында Приозерск қалалық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа қалалық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Отырыс барысында қалалық және учаскелік сайлау комиссияларының бос орындары туралы мәселе қаралды. Комиссияның әрбір мүшесімен жеке әңгімелесу және Комиссия мүшелерінің міндеттері мен жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сайлау комиссиясы мүшелерінің бірқатар мәселелері мен сұрақтары талқыланды.
Приозерск қалалық сайлау комиссиясы