Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту
тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын
(бірінші кезең: 2020 – 2025 жылдар) бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 390 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
(бірінші кезең: 2020 – 2025 жылдар) (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
- Іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне мен ұйымдар (келісу бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) жарты жылда бір рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың
10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
- Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жылына екі рет, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин