Бекітемін:
Приозерск қаласыныңәкімі
__________ Камзин Қ. А.
08.02.2021 ж.
Халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру бойынша
Приозерск қаласының әкімі Қ.А. Камзиннің есеп беру кездесуінің
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ 05.02.2021 ж.
|
№ |
Айтылған ескертулер / ұсыныстар |
Ескертулерді/ұсыныстарды іске асыру бойынша іс-шаралар менорындалу мерзімі |
Жауапты тұлға |
Ескертпе |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
Тян В. (Telegrambot) Қалада көптеген кеуіп қалған, бір жерлерде 20 см, ал кейбір жерлерде бір метрге дейін жететін ағаштыңтүбірлеріөте көп.Бізде ағаштар емес, түбірлерөсіп тұрған сияқты. Бұл ағаштартың түбірлерін қопарып қазып алып, олардың орнына жаңа ағаштар отырғызуға бола ма? (терек емес, өйткені оның мамығына аллергиясы бар адамдар көп, балалар сіріңкемен ойнайды және т. б.) |
Мамыр 2021ж. Жыл сайын, көктемгі екі және күзгі бір айлық қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау шеңберінде ағаштарды тамырымен алу жұмыстары жүргізіледі. Жыл сайын мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің аумақтарында қалалық бюджет қаражаты есебінен 200-300 бірлік ағаш көшеттерін отырғызу (қарағай, шаған, түбітсіз күміс терек және т.б.) және оларды одан әрі суару бойынша жұмыстар жүргізіледі. Биылда ТҮКШ бөлімі арқылы ағаштар көшеттерін сатып алуға және оларды отырғызуға қаражат бөлінді. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д.Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т.А., «ТҮҚҚБ» КМК директорының м. а Курец С. В. |
|
|
2. |
Тян В. (Telegrambot) Бетон жақтауында ағаштан жасалғанорындықтарды (алаңда) қалпына келтірсеңіз өте жақсы болар еді, мереке кезінде олар үнемі бос болмайды, бірақ адамдар бетонға отырады немесе үстіне пакет қойып отырады. |
Маусым 2021ж. Қалалық алаңда орналасқан бетон жақтауларындағы ағаш орындықтарды қалпына келтіругеқаражат бөлу мәселесі 2021 ж. қалалық бюджетті кезекті нақтылау кезінде қарастырылатын болады. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д.Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т.А. |
|
|
3. |
Тян В. (Telegrambot) Алаң мен ҚОҮ-нің арасында орындықтар мен урналар орнатылған, бірақ орындықтар бойымен итмұрын өскендіктен оларға отыру мүмкін емес."Тіріқоршауды" кесуге жауаптылар бар ма? |
Мамыр 2021ж. Жыл сайын қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша көктемгі екі айлық аясында РФ ҚМ 97-ші және қоғамдық қызметкерлер күшімен бұталарды кесу жүргізіледі. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММбасшысы Айдарханов Т. А. |
|
|
4. |
Тян В. (Telegrambot) Мен бұрын Космановтар 3/2 үйінің жанына ойын алаңына еркін өту үшін компенсатор орнатуды сұрап жаздым, маған белгілі бір мерзімге дейін көпір орнатылады деп жауап берді. Өкінішке орай, ол әлі орнатылғанжоқ. |
Наурыз 2021ж. "КТҮҚҚБ" КМК жұмыскерлерінің күшімен 28.02.2021ж. дейін Космонавтар к. №3/2 үйдің жанындағы балалар алаңына өту үшін көпір орнатылады. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д.Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т.А., «ТҮҚҚБ» КМК директорының м. а Курец С. В. |
|
|
5. |
Улмаханов Нұркен(Telegrambot) Саламатсыздарма, Абай көшесі 7, 9 үйлердің алдына асфальтқа кедергілі жол өтпелін қойсаңыздар дұрыс болар еді. Жол тегіс болғансоң көптеген автокөлік үйлердің алдымен жүреді және жылдамдықтыасырып жүргізеді.Балалардың ойнауына, қауіпсіздігіне алаңдаймыз. |
Маусым 2021ж. Абай к., 7, 9 және 11 үйлердің ауласындағы жолға асфальтбетон қоспасынан жасанды жол кедергілерін орнатуға қаржы бөлу мәселесі 2021 ж. бюджетін кезекті нақтылау барысында қарастырылатын болады. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А. Приозерск қ. ПБ бастығы подполковник Рыспеков Б.А. (келісім бойынша)
|
|
|
6. |
Зайнуллаева Асемгул (Telegrambot) Қайырлы таң. Космонавтар 9/2 көшесінің алдындағы ойын алаңы өте тығыз орналасқан соны кеңдеу етіп жасауға мүмкіндік бола ма, жері кең. Балалар ойнаған кезде қауіпті. |
Маусым 2021ж. Космонавтар к., 9/2 мекен-жайындағы балаларын ойын алаңын кеңейту мәселесі 2021 ж. арналған қала бюджетін нақтылау барысында қаралатын болады. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А.
|
|
|
7. |
Махаббат Юнусова (Telegrambot) Ағыбай Батыр к. 3, 5 үйлерінің ауласына лежачий полицейский орнатылып, балалар ойын алаңын қалпына келтірсе екен. Қалалық прокуратураның Ағыбай Батыр көшесінен бастап СЭС-ке дейінгі аумағының тазалығын,абаттандыру жұмыстарын, сол аралықтағы көше жарығын қолға алса екен. Дорохова мектебінің айналасынтазалығын ұйымдастырсын. Әрбір көшенің екі жағында да тротуар болуға тиісті, сол Абай көшісінің екінші жағына тротуар салынса екен.
|
Маусым 2021 ж. Ағыбай батыр к., 3 және 5 үйдің ауласына жасанды жол кедергілерін орнату мәселесі 2021 ж. арналған қала бюджетін нақтылау кезін қарастырылатын болады. Сондай-ақ, биыл қала бюджетінен қаражат бөлінген болатын, қала бойынша балалар ойын алаңдарына қосымша ойын элементтері орнатылады. Қалалық прокуратурадан Приозерск қ. СЭББ мен Дорохов мектебінің бұрынғы орнына дейінгі аралығындағы аумақты тазарту жұмыстары көктемгі сенбілік кезінде және қоғамдық қызметкерлердің күшімен атқарылатын болады. Абай к. түп жағында ағаштардың, гараждардың және қоршаудың болуына байланысты жаяу жүргіншілер жолын салу мүмкіншілік тудырмайды. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А.
|
|
|
8. |
Айдана (Telegrambot) Сәлеметсіздерме, кешіресіздер әрине орынды сұрақпа, сұрақ емеспа білмеймін, бірақ полуостровта окорачканың кг бағасы неге 1000 тг? Қалада барлық жерде 650-750. Барлық жерге бір бағамен келедіғой. Продуктының бағасы полуостровта ұшып тұр.
|
Наурыз 2021ж. «Приозерск қ. кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметкерлері әр апта сайын әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағаларына мониторинг жүргізіп отырады. Қаланың Жартытүбек (Полуостров) бөлігіндегі дүкендерде тауықтың аяғының бағасы мониторинг жүргізу барысында 900-1 000 тг. екені белгілі болған. Бүгінгі таңда кәсіпкерлермен дүкендерде тауықтың аяғының бағасы 650-750 тг. (өнім өндірушілердің көтерме бағасына байланысты) асырмау керек екендігі ескертілді. Сонымен қатар қаламызға көтерме бағамен азық түлік жеткізуші кәсіпкермен қаланың Жартытүбек бөлігінде орналасқан дүкендерге де жоғарыда аталған тауар түрін арзан бағамен жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д.Ш., «Приозерск қ. кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Жүсіпов А.Ж. |
|
|
9. |
Махаббат Юнусова (Telegrambot) Ағыбай Батыр 3-й күрделі жөндеуі қашан басталады? Кезінде бірнеше жылдар бойы мен 4-ші подъезді айтқанымда трещина жоқ деп комиссия жауап қайтарған еді. Қазір 2-ші подъезд лесницасы айырылып құлап жатыр? КСК уақытша жасады. Стеналары айырылып жатыр, 1-ші этаждағы пәтерлерге стяжка пол қажет, подъезге отопление, балкондарға ремонт жүргізу қажет, барлық подъезде, пәтерлерде трещина бар. Экспертизаны қашан аласыз? Экспертиза 2018 жылы дайын болып еді ғой. Бізге Ағыбай батыр 8-дегідей бетон жапсырма қажет емес, біздің үй қабырғалары онсызда биік, бізге стекловатаны салып одан соң обшивать етуіңізді сұраймыз, бұл менің ғана емес жительдердің бірауыздан өтініші. |
Желтоқсан 2021 ж. Бүгінгі күні аталған үйге күрделі жұмыстар жүргізу үшін, арнайы жобалық сметалық құжаттар жасалынды. Аталған жоба қазіргі таңда сараптамадан өткізілуде. Ағыбай батыр к., 3 үйдің қас бетін жылылауға және қаптау үшін, жобаға металла сайдинг және жылылау минвата материалдар салынған. Мердігер толық жобамен сараптаманы тапсырған кезде, мемлекеттік сатып алу процедураларын ұйымдастырып, жөндеу жұмыстары а.ж. маусым айында басталады. Жергілікті бюджетте осы жұмыстарды бастау үшін қаражат қарастырылған. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А.
|
|
|
10. |
Махаббат Юнусова (Telegrambot) Мынау Абай сквердің жанындағы Пушкинадан СЭС-ке қарай өтетін тротуар өте қолайсыз, биік балалар түгіл ересектер құлап сырғанап көлік астына құлап кету қаупі бар. |
Шілде 2021 ж. Биыл қалалық бюджеттен тратуарларға ремонт жасау үшін қаржы қарастырылған. Алдағы уақытта үнемделген қаржы есебінен осы участокта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А. |
|
|
11. |
guliasabitova2 (Instagram) Қайырлы күн. "Достық" БЖШО ғимаратына шақыру бойынша бағдаршам жасауды сұраймын, себебі жолдарда қаскөй жүргізушілер бар. "Пионерлер үйі" ғимаратына бара жатқан жас жаяу жүргіншілерді жолдағы қаскөй жүргізушілер елемейді. Бұл біздің балаларымыздың жолдан өтуіне қауіп төндіреді. |
Қыркүйек 2021 ж. «Достық» орталығының жанындағы Балқаш және Космонавтар к. жолайрығында жаяу жүргіншілер үшін шақыру бағдаршамынорнату мәселесі алдын ала Приозерск қаласының полиция бөлімімен келісілетін болады. Полиция бөлімінің оны орнату жөнінде ұсынысы болған жағдайда, 2022 ж. бюджетінде қарастырылатын болады. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А., Приозерск қ. ПБ бастығы подполковник Рыспеков Б.А. (келісім бойынша)
|
|
|
12. |
samal_zhanalieva (Instagram) Сәлеметсізбе? Транспортная көшесіне 2020 ж. жаз айында үйдің сыртына ОАЭЖжаңадан счетчик қойған болатын. Содан бері әр айда 20-22 мыңға счет келеді. Олардыңқай уакытта келіп, қалай счетчик көрсеткіштерін алатынында білмейміз. Осыған орай, тексеру жүргізуге көмек берсеңіз. |
Наурыз 2021 ж. Аталған мәселе тұтынушы мен қызмет көрсетуші мекеме арасында жасалған келісім шарт негізінде реттелетін болады. Алайда, Сіз келіспеген жағдайда арнайы комиссия құрып, Акт жасалатын болды. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А., «ҚазэнергоЦентр» ЖШС басшысы Шарашорина И. Г., (келісім бойынша) ОАЭЖ БЭЖ «ЖТЭК» ЖШС басшысы Салыкбаев Р. (келісім бойынша)
|
|
|
13. |
realadix (Instagram) Полуостровтағы су туралы. Күн жылынғанда қандай да бір жұмыс болады ма? Немесе жыл сайын судың қатып қалуын күтеміз бе? |
Шілде 2021 ж. Алаш к. құбырын қайта қалпына келтіру мәселесі жазғы уақытта мемлекеттік сатып алу процедуралары өткеннен кейін мердігерлік ұйыммен жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылған. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А., «ТҮҚҚБ» КМК директорының м.а Курец С. В. |
|
|
14. |
zylikhaeralieva (Instagram) Полуостровтағы негізгі трасса мен Озерная көшесін қосатын жолға да жол кедергілер(лежачий полицейский) орнатылса! |
Шілде 2021 ж. Бірлік пен Алаш көшелерінің қиылысына жасанды жол кедергілерін орнату үшін қаражат бөлу мәселесі 2021 ж. қала бюджетін кезекті нақтылау барысында қарастырылатын болады. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А., Приозерск қ. ПБ бастығы подполковник Рыспеков Б.А. (келісім бойынша)
|
|
|
15. |
maria_s_a_ (Instagram) Кисунько 15/3 ойын алаңын қалпына келтіре ме? |
Шілде 2021 ж. Кисунько к. 15/3 үйдің ойын алаңына қосымша элементтерді орнатуға қаражат бөлу мәселесі 2021 ж. қала бюджетін кезекті нақтылау барысында қарастырылатын болады. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А.
|
|
|
16. |
Бакбергенова Г. (WhatsApp) Комсомольская к. жарықтандырған болатын, қазіргі уакытта олар жұмыс істемей тұр. Осыны қолға аласыздар ма? |
Шілде 2021 ж. Таңшолпан к. күн панельдерін, яғни көше жарықтарын қалпына келтіру үшін, қаражат бөлу мәселесі 2022 ж. қала бюджетін қалыптастыру барысында қарастырылатын болады. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А. |
|
|
17. |
perde.narman (Instagram) Достық көшесі 11 үйге қашан жөндеу жұмыстары жүреді, соңғы подъездегі жарықтан дала көрінеді. |
Желтоқсан 2021 ж. Бүгінгі күні Достық к., 11 үйді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін проектылық-сметалық құжаттар дайындалуда. Аталған жоба сараптамадан оң нәтижесін алған кезде қаражат бөлу үшін, бюджеттік өтінім тапсырылатын болады. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Саденов Д. Ш., «Приозерск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы Айдарханов Т. А.
|
|
|
18. |
tusn.idnd (Instagram) Мен көп балалы анамын юрист мамандығын бітіргенмін, жұмыс іздеп барсам опыт сұрайды мені жұмысқа алмаса қайдан опыт болады. |
Сәуір 2021 ж. Приозерск қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына қала мекемелері «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, бос жұмыс орындары пайда болған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде бос жұмыс орындары бар екендігі туралы ақпаратты ұсынып отырады. Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірген жағдайда, жұмыссыз ретінде тіркеліп, мамандығы бойынша жұмыстар ұсынылатын болады. |
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Казиева Б.А., «Приозерск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Бейскеев С.Ж. |
|
Әкім аппаратының басшысы Исатаев А.Н.
Орынд. Д. Абжанова
Тел. 5-30-06