Приозерск қалалық сайлау комиссиясының отырысы

Приозерск қалалық сайлау комиссиясының отырысы

                                                                                  

 2021 жылдың 8 қаңтарында Приозерск қалалық сайлау комиссиясының  ҚР Праламент Мәжілісі және маслихат депуттарын сайлау бойынша қорытынды отырысы өтті.Отырысқа қалалық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.Жалпы 37 адам. Отырыста учаскелік сайлау  комиссиясының сайлау күні атқатырлатын жұмыстары туралы түсіндірме жұмыстары атқарылды.

Басты мақсат – алдағы сайлауды барлық санитарлық талаптарға сай өткізу. Бұл сайлаудың ерекшелігі де сол, бірінші рет індет жағдайында өткелі тұр. Сондықтан сайлау комиссияларында барлық сақтық шаралары қолға алынып, әр азаматтың өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруіне толық мүмкіндік жасау екендігі аталды.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағаларына дауыс беру орнына кіре берісте медбикелердің сайлауышлардың температурасын өлшеуін бақылауға, бекітілген кестеге сәйкес әр 3 сағат сайын дауыс беру үй жайын дезинфекция жұмыстарын жүргізуге,  сайлаушылардың  дистанциялық арақашықтығын сақтауға, қорғаныш маскасының болуына, жеке қаламсаптарының болуын қамтамасыз етуін талап етті.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жүргізу ретін атап өтті. Дауыс беру үй жайынан тыс дауыс беру жұмыстарының жүргізілуі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Комиссия мүшелерінен қойылған барлық  сұрақтарға толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қалалық комиссия төрағасы барлық қатысушыларға алдағы сайлауды жақсы қарқынмен өткізуге ат салысып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

 

Приозерск қалалық сайлау комиссиясының отырысы
Дата публикации
08 января 2021