Приозерск қалалық сайлау комиссиясының отырысы

Приозерск қалалық сайлау комиссиясының отырысы

 Приозерск қаласының әкім аппаратының мәжіліс залында а.ж. 31 желтоқсанында Приозерск қалалық сайлау комиссиясы төрағасының төрағалығымен комиссия отырысы өтті. Отырысқа Приозерск қалалық сайлау комиссиясына тіркелген партиялардың сенім өкілдері және бақылаушылары, сонымен қатар «Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемелекеттік мекемесінің басшысы да қатысты.Отырыста келесі мәселелер қаралды:

1.Дауыс беру күніндегі бақылаушылардың жұмысы;

2.Сенім білдірілген адамдардың дауыс беру күніндегі жұмысы;

  1. "ҚР сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 20-бабы., 31 бабы бойынша түсіндірме жұмыстары;

Жиналыс барысында қатысушылардан қойлған сұрақтарға жауап берілді. Комиссия төрағасы дауыс беру күні санитарлық нормаларды қатаң сақтау керектігін еске салды.

Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

Приозерск қалалық сайлау комиссиясының отырысы
Дата публикации
31 декабря 2020