Приозерск қалалық сайлау комиссиясының отырысы
2020 жылдың 15 және 30 желтоқсанында Приозерск қаласының әкім аппаратының акт залында, аппарат басшысының төрағалығымен сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа Приозерск қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы, жергілікті полиция басшысы және учаскелік сайлау комиссия төрағалары, хатшылары қатысты.
Күн тәртібінде бірінші сұрақ бойынша, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы мемлекеттің бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Екінші сұрақ бойынша жергілікті полиция басшысы сайлау күні "Сайлау учаскесіндегі құқық бұзушылық жағдайлар және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл", сондай-ақ "Сайлау заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік және құқықтық санкциялар" тақырыбында сөз сөйледі.
Отырыс соңында комиссия төрағаларына сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайға:
3) сайлау учаскесінің аумағында және дауыс беруге арналған үй-жайда сайлаушылар легі бағытын көрсеткіштерді орналастыруды, сайлау процесіне қатысушылар сақтауы тиіс 1,5 - 2 метр қашықтықты белгілеуді;
3) сайлау учаскелерін қажет болған кезде сайлаушыларға беру үшін сайлаушыларға арналған жеке қорғаныш құралдарымен (бір рет қолданылатын маска, қолғап, қалам);
4) қажеттілігіне қарай үй-жайға желдету жүргізуді;
5) қажеттілігіне қарай дауыс беруге арналған кабиналарға өңдеу жүргізуді;
6) кестеге сәйкес дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, үй-жайға үнемі ылғалды жинау жүргізуге
7) дауыс беруге арналған үй-жайға кіретін және одан шығатын жерде пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинауға және оларды одан әрі кәдеге жаратуға арналған контейнерлер орнатуды қамтамасыз етуге тапсырма берілді.
Приозерск қалалық сайлау комиссиясы