Приозерск қаласының 2020 жылдағы қаңтар-қараша айының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы

Приозерск  қаласының  2020 жылдағы қаңтар-қараша айының   

әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы

 

Экономиканың нақты секторы

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 5 700,3 млн.теңгені және 2019 жылға 83,3 % құрады (6 842,1 млн. теңге). НКИ – 80,4 %.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 210,7 млн.теңгені және 2019 қарашасына 118,9 % құрады (177,2 млн. теңге). НКИ – 109,4%. 

Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 2,8 % артты, сүт өндірісі 14,7 % - ға өсті.

Жұмыртқа өндірісі 1,3 %-ға төмендеді.

Төмендеудің себебі – жем-шөптің қымбаттауы (құс өсіруге субсидияның болмауы) және жұмыртқалаушы құстар саныңың жаңаруы.

Ірі қара мал басы 10,7 % - ға өсті.

Ешкі мен қой басы 24,2 % - ға, жылқы басы 1,2 % - ға, құс басы 9 % - ға төмендеді.

 

Негізгі капиталға инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2020 жылдың 11 айына - 1 211 млн.теңгені және 2019 жылдың 11 айына  198,1 % (611,3 млн. теңге) құрады. НКИ – 194,3 %.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Жұмыс істеп тұрған  ШОК субъектілерінің саны 713 бірлікті құрады немесе 2019 жылдың қарашасына 99,2 % құрады (719 бірлік).

 

Бөлшек тауар айналымы

2020 жылдың қаңтар-қараша айында бөлшек тауар айналымының көлемі       1 894,9 млн.теңгені немесе жоспарға 101 %  (1 875,3 млн. тенге) және 2019 жылдың қараша айына 198,1 %  (1 839,4  млн.тенге) құрады. НКИ – 96,6 %.

                               

Құрылысы

Құрылыс жұмыстарының көлемі 748,3 млн. теңгені алдынғы жылға      203,7 %  құрады (қаңтар-қараша 2019 ж. – 367,3  млн. тенге). НКИ – 263,9 %.

2 182 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 54,6 % құрады (қаңтар-қараша 2019 ж. – 3 996  ш. м).

 

Қаржылық көрсеткіштер

Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 367,3 млн.теңгені және жоспарға 110,3 % (333,2  млн. тенге) немесе 2019 жылдың 11 айына 139,9 % (262,5 млн. теңге) құрады.

 

Әлеуметтік сала

2019 жылдың қаңтар-қараша  айында жұмыссыздар саны 193 адамды және 143 % -ды құрады (135 адам).

Жұмыспен қамту шараларымен 856 адам немесе 2019 жылдың 11 айына  14,5 %-ға азайды (1001 адам).

Қоғамдық жұмыстарға 334 адам қатысты немесе 2019 жылдың қарашасында 101,8 % құрады (2019 ж. қаңтар-қараша - 328 адам).

Қысқа мерзімді курстарға (қайта даярлауға) 27 адам жолданды (63 адам). Оның ішінде 2 адам жұмысқа ораналуға байланысты оқуды аяқтады.

Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 613 адамды (128 отбасы) құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңіне 87,8 % құрады (698 адам (145 отбасы).

Кедейшілік шегінен төмен тұратын аз қамтамасыз етілген отбасылар санының азаюы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр балаға 20 789 теңге мөлшерінде АӘК төлеу тоқтатылды және кедейлік шегінің азаюына байланысты. 2020 жылдың 4-тоқсанында – 23 501 теңге.

 

Денсаулық сақтау

Туу коэффициенті 13,7 % -ға өсті (1000 адамға шаққанда 2019 жылдың қаңтар-қазан - 17,04 жағдай, 2020 жылғы қаңтар-қазан - 19,37 жағдай).

Өлім-жітім коэффициенті 25,5 % -ға өсті (1000 адамға шаққанда 2019 жылдың қаңтар-қазан – 4,24 жағдай, 2020 жылғы қаңтар-қазан – 5,32 жағдай).

Бала өлімінің коэффициенті 78,9 % -ға өсті (1000 тірі туылғанға шаққанда 2019 жылдың қаңтар-қараша – 3,80 жағдай, 2020 жылғы қаңтар-қараша – 6,80 жағдай).

 

Білім

2020 жылдың қараша айына мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 672 баланы немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 100 % құрады (қараша 2019 ж. – 672адам).

Балаларды мектепке дейінгі біліммен 623 бала қамтылды немесе 2019 жылдың қазанына 100 % құрады. (қараша 2019 г. – 623 бала).

Мектептерде 1 940 оқушы оқиды немесе алдынғы жылға 102,1 % құрады (қараша 2019 ж. – 1 900 адам).

Мектептерде 1 компьютерге 3,6 оқушыдан келеді (2019 ж. қаңтар-қараша – 4,5).

                               

Қылмыс

Тіркелген қылмыстар саны - 58 жағдай, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 111,5 % - құрады (52 жағдай).

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 75,0% - ды құрады (75,0 %).  

Приозерск қаласының 2020 жылдағы қаңтар-қараша айының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы
Дата публикации
15 января 2021