ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Т Ұ Р Ғ Ы Н Д А Р Д Ы Ң    Н А З А Р Ы Н А!

ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН

ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

 

Құрметті Приозерс қаласының тұрғындары!

    

Қазақстан Республикасы Президентінің  2016 ж. 5 ақпандағы № 190 Жарлығын орындау мақсатында өңірлерде жүргізілген реформалар, жергілікті органдар жұмысы, орын алған мәселелер мен өмір сүру сапасын  жақсарту, көтеру және оларды шешу жолдары, атқарған жұмысы туралы облыс, қала және аудан әкімдері есеп беру кездесулерін өткізіп жатыр.

Приозерск қаласы әкімі Қ.А. Камзиннің тұрғындармен есептік кездесуі 2021 жылдың 5 ақпанында сағат 15.00 өтеді.

      Пандемия жағдайында, азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында есептік кездесу онлайн режимінде ZOOM, Facebook, Instagram желілерін қолдана отырып өтеді (ZOOM мобильдік қосымшасы конференциясының идентификатор нөмірі: 448 199 5275; Кіру код нөмірі: 050221).

Facebook – Priozersk Qalasynyn Akimdigi

Instagram – @akimat_priozersk

       Кездесу барысында тұрғындар мен жергілікті атқарушы биліктің, арасында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен кері байланыс барынша орнатылады.

     Азаматтарды толғандыратын проблемалық мәселелерді және ұсыныстар мен ескертулерді жинақтау үшін арнайы орындарда жәшіктер қойылады.

       Сізден сұрақтарыңызды тікелей эфирде онлайн режимінде, сонымен қатар Telegram-boт, WhatsApp нөмірі 87474932130 немесе арнайы жәшіктер арқылы қоюыңызды сұраймыз.

Айтылған ескертулер мен ұсыныстар әкімдердің жұмысына баға беруде ғана емес, сонымен бірге жасалатын нақты жоспарлар мен шараларда көрсетілетін болады.

 

                                                    Қала әкімдігі

 

ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
Дата публикации
14 января 2021