2020 жылдың 3 желтоқсанында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін оқу сабағы өткізілді.
Іс-шара Приозерск қаласы әкімі аппаратының акт залында өтті, онда 4 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері жиналды.
Күн тәртібі, сайлау науқаны бойынша жаңалықтар туралы қалалық сайлау комиссия төрағасы А. Медетбекова баяндама жасады. Сабақ барысында оқыту тобы "Сайлаушылар тізімімен оны нақтылау кезінде және дауыс беру күні жұмыс істеу" тақырыбында семинар өткізді.Төраға сайлаушылар тізімін нақтылаудың теориялық тұстары мен ерекшеліктері, оны рәсімдеуге қойылатын ережелер мен талаптар туралы еске салды.
Сабақтың екінші бөлімі сайлау кезінде сайлау учаскелерінде пайда болған немесе туындауы мүмкін практикалық жағдайларды талдауға арналды.
Приозерск қалалық сайлау комиссиясы