2020 жылдың 22 қазаны мен 13 қарашасында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне оқыту сабағын өткізді.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізуге дайындық шеңберінде Приозерск қалалық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 22 қазаны мен 13 қарашасында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне оқыту сабағын өткізді.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Медетбекова қатысушыларға дауыс беруге арналған үй-жайдың қалай жабдықталуы керектігін айтып берді. Учаскелік комиссия мүшелеріне коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты тәуекелдердің алдын алу бойынша ҚР ОСК ұсынымдарын сақтай отырып, дауыс беру тәртібі көрсетілді.

Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ж.Махатов өз сөзінде учаскелік сайлау комиссияларының байқаушылармен өзара іс-қимыл тәртібін түсіндірді.

Оқыту сабағы барысында дауыс беру күніне дейін дауыс беруді ұйымдастыру, УСК технологиялық жабдықтарын пайдалану, дауыс беруге арналған бюллетеньдерді беру және сақтау тәртібі, дауыс беруге қатысушылардың тізімімен жұмыс істеу және басқа да мәселелер қаралды.

Кездесу соңында А.Медетбекова семинарға қатысушыларды коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша шараларды мүлтіксіз сақтауға шақырып, негізгі міндет сайлау комиссиялары мүшелерінің қауіпсіз жұмыс істеуі және дауыс беруге қатысушылардың барлығының санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі үшін жағдай жасау болып табылатынын атап өтті.

Оқыту семинарын қорытындылай келе, ТИК төрайымы А.Медетбекова оқыту процесі мұнымен аяқталмағанын, учаскелік комиссиялардың қызметіне байланысты мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтау қажет екенін атап өтті.

Оқуға қатысқан комиссия мұшелерінің жалпы саны -37 адам.

 Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

2020 жылдың 22 қазаны мен 13 қарашасында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне оқыту сабағын өткізді.
Дата публикации
22 октября 2020